ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

2022 ЖЫЛ - «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ»

19:38, 21 қаңтар 2022

ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт-Тоқаев 2022-ні «Балалар жылы» деп бекіткен болатын. Яғни, биыл өскелең ұрпақтың біліміне, денсаулығына айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс. Бұл ретте, өңірде көптеген білім орталықтары, сауықтыру лагерьлері жұмыс істейді. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап отырған бірден-бір мекеме облыс орталығындағы «Болашақ сарайы».  Оның тыныс-тіршілігімен біздің тілшілер танысып қайтты.

РКС: 2020-шы жылы бой көтерген «Болашақ сарайының» атына заты сай. Бұл жерде 5 бағытта жүзден астам үйірме жұмыс істейді. Балалардың болашағы үшін барлық жағдай жасалған. Зәулім ғимараттың материалдық-техникалық базасы да көңіл көншітерлік. Барлық кабинеттер заман талабына сай қондырғылармен толық жабдықталған. 2022 жыл - балалар жылы деп жарияланғаннан кейін, мұндағы мамандар осы жылға арналған жұмыс жоспарларына біршама өзгерістер енгізіпті.

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕМБІ, «BOLASHAQ SARAIY» МЕДИА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  Біз осы жылға құрған жоспарымызды балалар жылына сәйкестендіріп, өзгерттік. Қазіргі таңда, бізде 3000ға жуық тәрбиеленуші бар. Олар 5 бағыт бойынша түрлі үйірмелерге қатысады. Нәтиже де жоқ емес. Біздің 1 дебатер республика бойынша үздік деп танылды.

РКС: Болашақ сарайындағы үйірмелердің 85 проценті тегін. Бұл да болса, балалар мен ата-аналар үшін жағымды жаңалық. Тегін білім алып, болашақ мамандығының қыр-сырын меңгеріп жүргендердің бірі көкшетаулық Дарина Асқар.  Ол «Журналистика негіздері» үйірмесінің тәрбиеленушісі.

СНХ: ДАРИНА АСҚАР, «BOLASHAQ SARAIY» ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:  Мен оқуда үздікпін, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгергенмін. Бос уақытымда өлеңдер, түрлі тақырыптарда шығарма жазумен айналысамын. Түрлі дебаттарға да қатысып жүремін.

РКС: Даринаның алға қойған мақсаты көп. Болашақта елді әлемге танытар мықты журналистердің қатарынан көрінсем деген ниеті бар. Ол үшін қазірден бастап тынбай еңбектену қажеттігін де жақсы түсінеді. Ал, «Болашақ сарайы» Дарина сияқты мыңдаған баланың білімін, дарынын жетілдіріп, жарқын болашаққа қадам басуына септесіп отыр.  

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...