ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ 200 МИЛЛИОН ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

20:58, 14 маусым 2022

ДК:  Зеренді ауданына қарасты  Кіші Түкті орман шаруашылығының аумағында тек Ақмола облысын  ғана емес, еліміздің өзге де өңірлерін көгалдандыруға арналған өскін өсіріледі. Қазірдің өзінде бұл жерде 100 гектар жерге көшет отырғызылған.  

РКС: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі нақты іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Атап айтқанда, ормандарды қалпына келтіру көлемін ұлғайту көзделген. Еліміз бойынша алдағы үш жылда 2 миллиард түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Кіші -Түкті орман шаруашылығының аумағы 20 мың гектар жерді алып жатыр.

СНХ: СЕРГЕЙ ЧЕРНОВ, ОРМАНШЫ: Қазіргі уақытта біз Подгродный орман шаруашылығының аумағындамыз, биыл қарағай көшеттерін отырғыздық. Жақсы шығып келеді, ұжым осы өскіндердің жайқалып өсуі үшін аянбай еңбек етуде. Көктем шығысымен көшет отырғызу кезеңін өткізіп алмай, уақытылы жұмысты аяқтадық.  Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жоспарды орындадық.

 РКС: Арнайы материалдар жергілікті питомниктерде өсірілді. Оның аумағы 50 гектардан асады. Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларын және өңірдің басқа аудандары мен елдімекендерін көгалдандыру үшін көшеттер өсіріледі. Питомникте 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

СНХ: ЛЮДМИЛА САНАРОВА, ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР: Тұқым жинаудан бастап, керісінше өнімді қайта өңдеу жұмыстарының бәрін біздің мамандар атқарады. Арамшөптерді жұлу, көшеттерді алғашқы бетте суару жұмыстары бәрі адам  күшімен істеледі.  

СНХ: МӘРИЯ ҚАБДУӘЛИЕВА, ЖҰМЫСШЫ: Мұнда өсімдіктің неше түрі бар. Қарағай да өсіреміз. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін  күнде суарамыз, күтіп-баптаймыз. Күзде қайтадан көшеттер отырғызамыз.

РКС: 2025 жылға дейін облыс бойынша 200 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.  


 

АЙНҰР ДҮЙСЕН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,"КӨКШЕ АҚПАРАТ".


 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...