
ДК: Өңір басшысы Ермек Маржықпаев өңірде әлеуметтік саланың дамуын атап өтті. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Жыл сайын жаңа білім беру мекемелері салынып, ауруханалар, емханалар және медициналық кабинеттерде жабдықтар жаңартылуда.
РКС: Ақмола облысында әлеуметтік сала жоспарлы түрде дамып келеді. Бұл бірінші кезекте білім беру мекемелеріне қатысты. 2025 жылға дейін жаңа 25 балабақша ашып, 25 мың балаға шақталған заманауи 43 мектеп салу жоспарлануда. Облыс бойынша 376 мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған.
СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Оның ішінде үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін биыл 4,5 мың орындық 6 мектеп пайдалануға беріледі. Салынып жатқан мектептердің негізгі үлесі елорда маңындағы аймақта орналасқан, бұл үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді. 2023 жылы тағы 4 мектептің құрылысы аяқталады.
РКС:Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Биыл Қосшы қаласында бір мезетте 100 адамды қабылдайтын емхана құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қоянды ауылында 50 адамға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы пайдалануға берілмек. Атбасар ауданында 2 медициналық мекеменің құрылысын бастау қарастырылған.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің облыс үшін жағымды жаңалықтың бірі-Көкшетау қаласында салынып жатқан 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана ауқымды жобалардың бірі. Аймақ үшін жоба өте маңызды. Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті бизнес, меценаттар да қолдау көрсететіп жатқанын атап өткім келеді. Мысалы, облыс орталығында 500 адамды қабылдайтын емханасы бар клиникалық-оңалту орталығы толығымен «Viamedis» серіктестігі қаражатының есебінен салынған.
РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев бизнесті қолдауға арналған мұндай бастамалардың тек ірі қалаларда ғана емес, елдімекендерде де жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мысалы, Қосшы қаласындағы 600 оқушыға арналған «Дара» жеке мектеп-лицейі меценат Сайра Матайбаеваның жеке қаражаты есебінен салынған.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ