
ДК: Өңірде бір айдың өзінде 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, 5500-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталған. 27 адам жарақат алды.
РКС: Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы мен жарақат алушылар санының біршама төмендеген. Көңілге медеу болары, жылдың алғашқы айында жол-көлік оқиғаларының салдарынан қайғылы жағдай тіркелмеген. Әлі де болса, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері азаймай отыр. Бұл ең алдымен жүргізушілердің көлік құралдарын тізгіндеу мәдениетінің төмендегінен, - дейді мамандар.
СНХ: ӘСЕТ БАЙТЕЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// В категориях грубых нарушения ПДД... Ежедневно ведется учет всех совершаемых дорожно-транспортных происшествий.Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу санатына жылдамдықты асыру, көлікті мас күйінде жүргізу, бағдаршамның тыйым салатын дабылын ескермей өтіп кету жатады. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығып кету деректері де азаймай отыр. Күн сайын орын алған жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі.
РКС: Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолдың апатты-қауіпті аймақтарын патрульдеу бағыттарын жақындату мәселесі қарастырылып жатыр. Мереке, демалыс күндері жолдардағы күзет саны көбейеді. Бұдан бөлек «Автобус» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат - автобус жүргізушілерінің жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтауын бақылау. Сондай-ақ индрайвер қызметіндегі таксилерге де қатысты рейдтік шаралар жүргізіледі.
ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ