ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

24 МАУСЫМ-СУДЬЯ ЖӘНЕ СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

17:47, 24 маусым 2022

ДИКТОР: Биылдан бастап 24 маусым «Судья және сот қызметкерлері күні» ретінде атап өтіледі. Бұл датаны кәсіби мереке ретінде қою да кездейсоқ емес. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын дәл осы күні тәуелсіздік алғалы бері  қолданыста болған «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  

РКС: Бүгінде өңірде облыстық,  аудандық және оларға теңестірілген 26 сот жұмыс істейді. Жалпы, бұл жүйеде 110 судья мен 300-ге жуық қызметкер бар. Солардың бірі-Мейрам Ғибаділов. Ол саналы ғұмырын осы салаға арнаған. Еңбек өтілі 50 жылдан асады. Ардагер 2010 жылы зейнетке шыққан. Қазіргі уақытта облыстық соттың ардагерлер кеңесінің төрағасы.

СНХ: МЕЙРАМ ҒИБАДІЛОВ, СОТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІМен 22 жасымда сот жүйесіне жұмыс істеуге келдім. Содан әлі күнге дейін осындамын. Ісіме адалмын. Сондай-ақ, биыл біздің облыстық сотқа 100 жыл толып жатыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Ол 1923 жылы құрылған болатын.

РКС:  Мейрам Ғибаділовтың қаншама жылдық еңбегі елеусіз қалған жоқ.  Бүгінде ол облыс бойынша  «Үш би» кеуде белгісі мен «Құрметті судья» медаліне ие болған жалғыз ардагер.

СНХ: БИБІГҮЛ БЕКЕНТАЕВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол 2011 жылдан бері облыстық сот ардагерлер кеңесін басқарады. Өзі журналистикаға да, сот жүйесінің тарихына да қызығады. Оның бойындағы қасиеттерді жас  мамандарға үлгі ретінде қою қажет. Ол өз ісіне адал жан.  

РКС: Кезінде республика бойынша еңбек етіп жүрген сот жүйесінің 50-ден астам қызметкері өздерін Мейрам Ғибаділовтың шәкірті есептейді. Бүгінде ардагер осы саланың тарихы жиналған мұражайдың экспозициясын жаңартумен де айналысады. Айта кетейік, облыстық соттың қабырғасында ашылған мұражайдың іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі де Мейрам Мырзахметұлы. Алдағы уақытта облыстық соттың 100 жылдығына арналған арнайы кітап жинағы жарыққа шықпақ.  

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...