ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

18:24, 24 ақпан 2021

ДК: Өңірде эпиджағдай тұрақты. 14 ақпаннан бастап облыстың сары аймаққа өткені белгілі. Екі апта бойы эпиджағдайға мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде карантин талаптары біршама жеңілдетіледі.  27 ақпаннан бастап жаңа қаулы күшіне енеді. Бірақ бұл босаңсуға болады дегенді білдірмейді.

РКС: 23 ақпандағы мәліметке орай тәулігіне облыста вирус жұқтырудың зертханалық түрде расталған 63 жағдайы тіркелген. Ал жалпы індет басталғалы аймақта 13305 адам вирус жұқтырған.  

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///аударма///Өткен аптада 517 жағдай тіркелді. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 8 дерекке төмен. Оқушылар арасындағы вирус жұқтырудың дерегі қаңтар мен ақпан айын салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 30-дан 7-ге дейін қысқарды.  82 білім ошағы қашықтан оқыту үрдісіне көшкен болатын. Бүгінде оның 60-ы штаттық режимде білім беруде. Мектептерге 48 рет жоспардан тыс тексеру жұмысы жүргізілді. Санитарлық талаптарды ескермегендерге 800 мың теңге көлемінде 14 әкімшілік айыппұл салынды.

РКС: Вакцинациялаудың екінші кезеңі басталғалы 250 адам екпе алған. Жағдайы нашарлап, шағымданғандар тіркелмеген. Облыстың санитарлық бас дәрігері вакцинаны бірінші кезеңде Көкшетау қаласы, Бурабай мен Зеренді аудандарының тұрғындары қабылдаған болса, екінші кезеңде бұл шара өңірдің барлық ауданын қамтиды деп отыр. Аймақтағы эпиджағдайдың тұрақтылығына байланысты жаңа қаулы қабылданды.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///аударма///Қоғамдық тамақтану нысандары аптаның барлық күндері сағат таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік порттарына тек жеткізу қызметі арқылы ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарларға жұмыс күндері және сенбіде де жұмыс істейді. Жексенбі күнге рұқсат жоқ. Сауда нысандары, супермаркеттер, гипермаркеттер, қолданыстағы жұмыс режимінде қызмет көрсетеді. .

РКС: Сән салондары мен фитнес орталықтары алдын ала жазылым бойынша апта бойы қызмет көрсетуіне рұқсат етіледі. Кітапхана, мұражай, кинотеатрларда орын санының тығыздылығы 20 проценттен аспайтын жағдайда ғана жұмыс істейді. Діни нысандардың қызметіне бекітілген талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бірақ, ұжымдық шара өткізуге тыйым салынады. Айта кетейік, карантин талаптарының сақталуын қадағалау мониторингтік топтың ұдайы назарында. Рейдтік жұмыстар барысында жыл басынан бері қыз ұзату, үйлену тойы, тұсаукесер сияқты іс-шараларды өткізудің 9 фактісі тіркелді. Салдарынан 27 миллион теңгеге жуық  239 әкімшілік айыппұл салынды.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...