ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

28 ШІЛДЕ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС КҮНІ

19:03, 28 шілде 2021

 

ДК: 28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні. Бұл атаулы күн 2008 жылы гепатитпен күрес халықаралық альянсының бастамасымен құрылды. Ақмола облысы бойынша бүгінгі таңда созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын 335 адам есепте тұр. Соңғы екі жылда 750-ден астам науқас бұл дерттен құлан таза айығып шықты.

РКС: Гепатит – бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Халық арасында оны «сары ауру» деп те атайды. Бұл инфекция балаларда жеңіл формада өтсе, ал қарттар мен жүкті әйелдерге өте ауыр соғады. Біздің өз есімін жасырған кейіпкеріміз де сары аурумен ауыратынын жүктіліктің 15-ші аптасында білген. Ақ халаттылар оған С гепатитінің диагнозын қойған. Ол адамда ауруды жеңуге, өмірге деген құлшыныстың жоғары болу керек екенін айтады. 

СНХ: КЕЙІПКЕР: Дәрігерлер оның маған емделмейтінін және онымен тек қана нашақорлар ауыратынын айтты. Олар маған дәрі-дәрмек жазды. Босанғаннан кейін екі «Софосбувир» мен «Даклатасвир» препараттарын іштім. Үш ай қабылдадым. Ай сайын қан анализі мен биохимияны тапсырдым. Бауырды тексереді. Үш айдан кейін ПТР тесттен өттім. 6 айдан кейін қайтадан сол тексеріс процестері қайталанды. Жыл сайын бауырды тексертіп отыру қажет. Бүгінде мен бұл аурудан толықтай айықтым. Балаларым бар. Құлан таза, еш инфекциясыз туылды. Дендері сау.

РКС: Өңірде созылмалы вирустық Б гепатиті диагнозымен 60 адам тіркелген. 30 науқас вирусқа қарсы терапиядан өтті. 3 адамға созылмалы вирустық Д гепатитінің диагнозы қойылған. А гепатитімен көбіне балалар ауырады. Соңғы 10 жылда гепатиттің бұл түріне қарсы вакцина пайда болды. Балғындар онымен уақытылы егілетіндіктен, бұл ауру түрінің дерегі мүлде тіркелмеген.  

СНХ: ВИКТОРИЯ ПИЧКУНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ШТАТТАН ТЫС ИНФЕКЦИОНИСТІ: А және Е гепатиті су арқылы, тұрмыстық жолмен беріледі. Емдеп жазу қиындық тудырмайды. Б мен С гепатиттері бауыр циррозына ұласуы мүмкін. Б және С гепатиттері қан арқылы және жеке гигиена құралдары арқылы беріледі. Б гепатиті анадан ұрыққа берілуі мүмкін. Б гепатитіне қарсы вакцина да бар. Сондықтан гепатиттің бұл түрі де көп таралмаған. С гепатиті симптомсыз ұзақ уақытқа созылады. 15, 20, 25 жылдан кейін уақыт өте келе ол бауыр циррозына айналуы мүмкін. С гепатитіне қарсы вакцина жоқ. Ол қан арқылы, кесу арқылы, тұрмыстық, маникюр құралдарын қолдану арқылы беріледі.

РКС: Қазіргі таңда қас, кірпік жабыстыру, маникюр, педикюр жасау сәнге айналып отыр. Дәрігерлер әсіресе, әйелдерге бұл процедураларды  барлық санэпид режимі толығымен сақталған таза жерде, сенімді адамдарға жасатуға кеңес береді. Өйткені, С гепатиті көбіне косметикалық процедуралар арқылы беріледі.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...