ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

29 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ КҮНІ

20:16, 29 сәуір 2021

ДК: Жыл сайын жаһан жұрты 29 сәуірде халықаралық би күнін атап өтеді. Бұл мереке 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО халықаралық би кеңесінің бастамасымен, француз балетмейстері Жан-Жорж Новеррдің туған күнімен байланыстыра отырып, тойланатын болды.

РКС: «Ол алты қыз» халық ансамблі 2000 жылы құрылды. Алғаш рет өз қызметін облыстық халық шығармашылығы орталығы базасында бастады. 2009 жылы ұжым Көкшетау мәдениет үйіне көшті. Бүгінде олар барлық ірі қалалық, облыстық іс-шараларда өнер көрсетеді. Мадина Досмағамбетова 9 жылдан бері ансамбльге жетекшілік етіп келеді.

СНХ: МӘДИНА ДОСМАҒАМБЕТОВА, «ОН АЛТЫ ҚЫЗ» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Бес жасымнан бимен айналысып келемін. Анам менің теледидар экранынан үнді билеріне қалай қызығатынымды көріп, хореографияға беруге шешім қабылдапты. Осылайша менің өмірім би әлемінде бастау алды. Әрі қарай «Көкшетау» мәдениет Сарайында Мәдина Бекетқызынан тәлім алдым. Онда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Түрлі қалаларға, сондай-ақ шетелге шығып, Қазақстанның атынан шығып жүрдім. Сонымен қатар қазақ театрында жұмыс істедім, жетекшімнің жас өнерпаздармен қалай жұмыс істейтінін көріп, қызығушылығым артты. 2014 жылы ансамбль жетекшісі болу туралы ұсыныс түсті. Би әлемі мен үшін өнер ғана емес, бұл - менің өмірім.

РКС: Бүгінде жас жеткіншектерден бастап ересек бишілерге жасақталған ансамбль ұжымының репертуары қазақ, әлем халықтарының ұлттық биімен толыққан. Жетекшінің айтуынша, бишінің жасы емес, көрермен алдындағы жауапкершілігі маңызды.

СНХ: АЯУЛЫМ БОРАНБАЕВА, «ОН АЛТЫ ҚЫЗ» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ ///аударма/// Хореографиямен 3 жасымнан бері айналысамын. Бұрын не үшін билейтінімді толық түсінбейтінмін, ал қазір онсыз өмірді елестете алмаймын. Бимен айналысудың арқасында комплекстерімді жеңіп, өзіме сенімді бола түстім.

СНХ: ӘМИНА ХАЛИОЛА, «ОН АЛТЫ ҚЫЗ» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ///аударма///Жасым 6-да. Кішкентай кезімде туыстарымның алдында  өнер көрсеткенді қатты ұнататынмын. Мұны байқаған анам мен әкем мені биге жіберді. Үлкен сахнада билегенді жақсы көремін. Тіпті би сабағынан беретін мұғалім болуды армандаймын.

РКС: Биыл ансамбль 21 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бишілердің өнер қоржынында республикада ғана емес, халықаралық деңгейде де көптеген жүлде бар. Соның ішінде ең атаулысы – «Magic Moment» халықаралық онлайн-байқауы. 15-18 жас аралығындағы бишілер «хореография» номинациясы бойынша  «Нұр шашу» биімен  гран-при алды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, КӘМШАТ ТӘКІШЕВА,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАНИЯР ҒАББАС, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...