ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

3 АУЫЛҒА БАРАТЫН ЖОЛ ЖОҚ

14:27, 7 сәуір 2021

Жүргізуші: Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Новоникольское, Құмдыкөл, Меньшиковка ауылдарына баратын жол жоқ. Үш ауылда бір жарым мыңнан астам тұрғын бар. Көлік қатынасы өткен аптадан бері тоқтады.

ВИДЕО+ДИКТОР: Елдімекендерге апаратын жолды Наурыз мерекесінде  болған боранда қар алып қалған. Содан бері аршылмаған. Ал тұрғындар алқап үстіне жол салып, қатынап жүрген. Күн жылынып, қар еріген соң, ол жол саз-батпаққа айналды. Новоникольское мен Сандықтаудың арасы 18 шақырым. Оның 5-6 шақырымын қалыңдығы 2 метр болатын қар алып қалған. Жолды тазалап жатқан техникалардың қозғалысы баяу. Күніне 600-700 метр ғана аршылады.

СНХ: ВАДИМ МИРОНОВ САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///(Телефонға түсірілген) Әуесқой түсірілім///(Аударма) Жолдың екі жағынан да тазалап жатырмыз. Қар қалың және ылғалды, ауыр. Сондықтан жұмыс баяу жүруде. Қазіргі уақытта 900 метр қашықтық қалды. Жолды ертең ашамыз деп ойлаймын. Қажетті техника жұмылдырылған.   

ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...