ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕР ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН

17:31, 11 қаңтар 2021

Жүргізуші: Ақмола облысында ауыл шаруашылығына арналған 3 миллион гектар жер тиімсіз пайдаланылған. Диқандар мен шаруалар егін егеміз, мал бағамыз деп алған алқаптарды дұрыс игере алмаған. Бұл олқылықтар ғарыштық бақылау арқылы анықталды. 

Тілші: Игерілмей қалған 3 миллион гектар жердің 300 мыңы егістікке арналған, қалғаны жайылым. Алқаптарға мүлдем егін егілмеген. Ал мал бағуға бөлінген жерлер де  тиімсіз пайдаланылуда.

СНХ: РҮСТЕМ ТӨКЕНОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МЕН ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///Жұмыс барысында бұл пайдаланбайтын жерлерге электрондық хабарламалар жіберіліп, бұл жұмыстың оң нәтижесін көріп жатырмыз. Бүгінгі күні, мысалы, 600 мың гектардай жерлер бүгінгі күні қайта айналымға кірісті. Қалған жерлер бойынша әрі қарай жұмыс жасалып жатыр.  

Тілші: Сондай-ақ, Ақмола облысында 1 миллион 600 мың гектар жайылымдық жер тапшы. Мал ұстап отырған шаруалардан түскен өтініштер -осының дәлелі. 

СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///(Аударма) 2018 жылдан бері ауыл шаруашылық жерлерін мемлекет қажеттілігі үшін қайтарып алуға арқылы ауыл тұрғындарының малдарына арналған жайылымдық жерлер тапшылығын шешу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жайылым тапшылығы және пайдаланылмай жатқан жерлер бар. Алайда, біреуден алып, басқаға бере салатындай жағдай емес. Басқа ауданда немесе тым алыс болған жайттар көп.  

Тілші: Жердің  игерілуі ғарыштан бақыланып,ақпарат жинақталады. Әр жер телімі бойынша жеке сараптама жасалады. Пилоттық жоба Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында іске асырылуда.

СНХ: АЙДОС КЕНЖЕҒАРИН АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ АҚМОЛА БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///(Аударма)///Спутниктік түсірілімдер арқылы егістіктерді өсімдік егілді ме, жоқ па? ол қалай өсіп жатыр соны көреміз. Ал жайылымдар бойынша шаруашылықтың мал саны мен жер ауданын есептеп қорытынды жасаймыз. Егер мал алқаптың 20 пайызынан да аз аумақта ғана жайылып жүрген болса, онда тиімсіз пайдаланылған болып есептеледі. 

Тілші: Зерттеу нәтижесінде өңірде тиімсіз пайдаланылған 2 мыңнан астам жер учаскесі анықталған. Олардың 20 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...