ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

31 ШІЛДЕ – ҚҰРБАН АЙТ

19:05, 30 шілде 2020

ДК: 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – иісі мұсылманға қастерлі Құрбан айт. Бұл күндері дәулеті нисаб мөлшеріне толған адамдар құрбан шалып, малдың етін мұқтаждарға таратып береді. Биылғы құрбан айтта карантин талаптарын сақтауға көңіл бөлініп отыр.

РКС: Мұсылманның міндеттері қатарында «өзіне және өзгелерге зиян келтірмеу» тұжырымы үлкен маңызға ие. Сол себепті өңір тұрғындарының жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында онлайн құрбан шалу бастамасы қолға алынды. Ниет білдірген тұрғындар «құрбан2020.кз» сайтында өтінім қалдыра алады. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық жамағатты құрбан айтта мейірім мен ізгілікке шақырды.  

ГРАФИКА:  НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ/// «Өте жауапты, салмақты шаруаны мойнымызға алып отырмыз. Ниет етіп қаражатын төлеген азаматтардың аманатына адал болуымыз керек. Етке зәру жандардың да тілегі ескерілсін. Біз бұл істі сауап алу мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Мемлекет карантин режиміне қарамастан Діни басқармаға осы рәсімнің өтуіне оңтайлы жағдайлар жасауда. Сондықтан игі істе аянып қалмайық. Ислам – мейірім діні. Біз имамдар осы шараны да мейіріммен атқарайық».

РКС: Шалынған құрбанның дұғасын оқып, мал шалған адамның атын атап куәлік ету мешіт қызметкерлеріне жүктеліп отыр. Құрбан шалу рәсімі дәлел ретінде бейнежазбаға да түсіріледі. Сонымен қатар құрбандықтың еті де  «Құрбан2020.кз» сайтында тіркелген мұқтаж жандарға үлестіріледі.

СНХ: НҰРЛАН ӘБЕНҰЛЫ, ҒАЛЫМ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ///қазақша/// Таңғы сағат 7-ден бастап, 2 тамыз күн батқанға дейін шалынып үлгеруі керек. Шалынған құрбандықтың бір бөлігін өзіне қалдырып, бір бөлігін таратып беруіне болады. Түгелдей өзіне қалдырып, бала-шағасымен, туған-туыстарымен бөлісуіне болады. Құрбандықтың етімен көршілерімен, туған-туыстарымен, жерлестерімен бөлісу Пайғампарымыз үйреткен сүннет жолы.

РКС: Құрбан шалу дәулеті нисаб мөлшеріне толған, яғни 85 грамм алтынның құнына тең мүлкі бар мұсылманға уәжіп. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой мен ешкі шалынады. Құрбандыққа арналған малдың семіз, әр малға белгіленген талапқа сай жасы толған, ауру-сырқау емес болуы шарт.  Бастысы құрбан Жаратушының ризалығы үшін шалынып, жоқ-жітіктің игілігіне жаруы тиіс.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...