ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

34 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

17:59, 13 қазан 2021

ДК: Степногорск қаласында коронавируске шалдыққан науқастардың саны күрт өсуде. Нақтырақ айтсақ, індеттің тырнағына ілінгендер 3 мыңға жуықтады. Өкінішке орай, оның 3 проценті қайғылы аяқталды. Сонымен қоса, оқу жылының басталуымен мектептерде вирустың таралуы бәсеңдер емес. Әлемді жайлаған дерт енді балаларға да жетті. Сондықтан да мамандар көзге көрінбейтін жаумен күресу үшін екпе салдырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырады.

ЖКС: Өндірістік қаланың 8 мектебінде 34 сынып карантинге жабылды. Салдарынан оқушылар қашықтықтан білім алуға  мәжбүр. Нақтырақ айтсақ, мұндағы елді есеңгіреткен вируспен сырқаттанғандардың 21 процентін балалар құрап отыр.

СНХ: ГУЛЮЗА АБРАМОВИЧ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ай сайын балалар арасында қауіпті инфекция жұқтырғандар саны артып келеді. Мәселен, маусым айында 4 процент болса, шілдеде  10, тамызда 16, қыркүйекте 17, қазанда 21 процентке дейін күрт өсті. Ковидпен сырқаттанғандардың арасында 4 проценті ғана симптомсыз. Мысалы, былтыр және осы жылдың басында симптомсыз ауырғандардың көрсеткіші 50 процент болатын. Ал осы жазда жағдай ауырлап, науқастардың көбі симптомды.

ЖКС: Алқымнан алған кеселге шалдыққандардың басым бөлігі - жұмыссыз халық пен зейнеткерлер. Ал мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін, білім саласы мен өндірістегілердің арасында ковидке шалдыққандардың саны азайған. Яғни, екпе алғандардың  иммунитеті дертке қарсы тұруға бейім.

СНХ: ГУЛЮЗА АБРАМОВИЧ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Вакцина алу оң нәтиже беруде. Тек коронавирус емес қазір тұмаудан да екпе салу науқаны жүріп жатыр. Қалада 2016 жылдан бастап тұмауға қарсы вакцина салып келеміз. Салдарынан, 35-проценттен - 1-процентке дейін кеміді. Өлім – жітім жоқ. Бүгінде екпе алу үшін барлық мүмкіндік жасалған. Ресей вакцинасын  5 жыл бойы қолданып келеміз. Коронавируске қарсы вакцинаның түрлері де бар.  

ЖКС: Осылайша, екпе салу арқылы отандық медицина індетке тойтарыс беріп отыр. Ақ халаттылар тағы бір мәрте коронавирустың дендеуі қарқын алмауы үшін сақтық шараларының маңыздылығын ескертеді. Расында да, бұл дерт әлі де бейқам жүргендерге құрық салып жатқандығы жасырын емес.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАСТАН БОЛАТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...