ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

38 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ 95% МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТПЕДІ

23:33, 12 мамыр 2022

ДК: Өңірдің тексерістен өткен білім беру мекемелерінің  95%-ға жуық мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалған. 1-тоқсанда 38 білім беру ұйымына жүргізілген сараптаманың қортындысы осы. Толығырақ тілшіміз Ерзат Смағұлов баяндайды.

РКС: Білім беру стандарттарының талаптарына тек 2 мектепке дейінгі мекеме сәйкес келген. Оқу жоспарының, ортаның үлгілік жоспарының және білім, білік, дағды мен құзырет көлемін игеру жөніндегі талаптардың  сәйкес келмеуі, инклюзивті білім беру талаптарының бұзылуы, баланың даму мониторингісін қамтамасыз ету үшін тиісті талаптардың орындалмауы мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалудың басты себебі болды. Бұл тек балабақшалардағы жіберілген олқылықтар. Орта білім беру ұйымдарындағы қателіктер де жоқ емес.

СНХ: МАНАТ ӘБІЛМӘЖЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А: Жылдық жұмыс жоспары, тәрбие жоспары дұрыс жасалмағандығы, сабақ кестесін, оқу жұмыс жоспарларын құрастыруда кемшіліктер жіберілгендігі, оқушылардың білімін формативті бағалау, «Kundelik.kz» электронды журналдарында пән мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын жүктемеу, мектеп сайтының edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаумен тіркелмеуі, тестілеу барысында білім алушылардың шекті деңгейден өтпеуі, пәндік оқу кабинеттері мен жабдықтардың жоқтығы және оқу-зертханаларындағы жабдықтар мен құралдардың жеткіліксіздігі, педагогтердің сапалық көрсеткіштерінің төмендігі анықталды.  

 

ИНФОГРАФИКА: БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

«Е-ЛИЦЕНЗИЯЛАУ» ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДАН БАРЛЫҒЫ – 79 ӨТІНІШ

БЕРІЛГЕНІ – 0

ҚАЙТА РӘСІМДЕЛГЕНІ – 5

БАС ТАРТЫЛҒАНЫ – 74

 

РКС: Мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, құжаттардың толық ұсынылмауы, өтініштің дұрыс рәсімделмеуі бас тарту негізгі себептері болып табылған. Заңға байланысты көптеген шаралар атқарылып жатқанымен, әлі де болса педагогтердің құқықтарының бұзылуына жол беріліп жатыр. Әлеуметтік желілерде шағымдар азаяр емес.  Осыған орай, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің  «Педагогтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» №172 бұйрығы күшіне енген.

 

СНХ: МАНАТ ӘБІЛМӘЖЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А: Бұйрықта педагогтердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, облыстың, аудан, қаланың білім беруді басқару органдарына және олардың бағынысты білім беру ұйымдарына педагогтерді:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарында көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға; Педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты олардан талап етуге; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделмеген тексерулер жүргізуге; Оларға тауарлар (заттар, бұйымдар) мен әр түрлі қызмет түрлерін сатып плу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.

 

РКС: Департамент жетекшісінің міндетін атқарушы биыл елдегі жағдайдың жақсаруына байланысты түлектердің мектеп бітіру кеші өтетіндігін хабарлады. Бірақ бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы тиіс. Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Атестаттарды табыстау рәсімі 16-17 маусымға бекітілді.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ АНЫҚТАЛҒАН
19:44, 27 мамыр 2022
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...