ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

4 МАМЫР – ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ

14:22, 4 мамыр 2021

ДК: 4 мамыр – өрт сөндірушілердің халықаралық күні. Әлемде ең қауіпті мамандық саналатын бұл күннің ресми мәртебесі жоқ. Атаулы дата 1999 жылы Австралияда орманда орын алған қызыл жалынды  ауыздықтау барысында ажал құшқан өрт сөндірушілерді еске алу мақсатында бекітілген. Қауіп-қатер аймағында қайтпас қайсарлық танытып жүрген батырлардың жайын тілшіміз Жансұлу Жиенқұл біліп қайтты.

STAND-UP: ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ /// Өрт сөндіруші дабыл қағылған сәтте  20 секунд ішінде мынадай ауыр киімді киіп, белдігін тағып, көлікке отырып, оқиға орнына шығып үлгеруі тиіс. Ал арнайы көлік орташа есеппен 5 минуттың ішінде тиісті нүктеге жетуі керек. Бұл шынымен қиын екен. Жалпы қызыл жалынды ауыздықтау – бүтін бір команданың жұмысы. Ол үшін команданың әр мүшесі жақсы шыныққан, жүректі болуы керек.

РКС: Демде лаулап, дес бермей жанатын өртке қарсы тұру үшін күнделікті басын бәйгеге тігетін Еламан Бейбітхан мамандық таңдауда қателеспегенін айтады. Қызыл жалынмен арпалысуды бала күнінен армандаған. Ол осы күні талай жанның өмірін құтқарып, қызметін адал атқаратын маман.  

СНХ: ЕЛАМАН БЕЙБІТХАН, ӨРТ СӨНДІРУШІ///қаз.///Осы мамандықты таңдауыма ағаларым себепші болды. Күнде маған үйге келгенде күндіз қандай жайттардың болғанын айтып, қызықтыратын. Жұмыстың қиын екенін білсем де, өзімді батыр сезіну үшін осы мамандықты таңдадым. Бұл менің - балалық арманым.Өрт сөндіру қызметінде 3 жылдан бері қызмет етіп келемін. Басында қорқынышты болатын. Ал қазір үйреніп кеттім.

РКС: Өрт сөндіруші болғысы келетін әрбір маман міндетті түрде әскер қатарында азаматтық борышын өтеуі қажет. Бұл осы мамандыққа келушіге қойылатын басты шарт.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ХОТНЯНСКИЙ, ӨРТ СӨНДІРУШІ///аударма/// Әскери борышымды өтеген соң, осында қызмет етемін деп шештім. Өрт сөндіруге барғанда  қаншама адамдардың бізден көмек күтіп тұрғанын білеміз. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін барымызды саламыз. Сондықтан, біздің күшіміз – бірлікте, бір-бірімізге деген нық сенімде. Ең басты қағидат – осы. Бұған қоса, өрт сөндірушілерге шапшаңдық, жүректілік, қырағылық керек.  Дереу шешім қабылдай алатын тәуекелшіл боулымыз шарт.

РКС: Қазақстанда бұл  қызметтің қауіптілігі ескеріледі.  Өрт сөндірушілерге 45 жасында зейнеткерлікке шығу жеңілдігі берілген. Олардың мамандығы мемлекеттік қызметке теңестірілгендіктен, тұрғын үй бағдарламасына да жеңілдік бар. Соңғы жылдары кәнігі мамандардың кәсібилігін арттыру үшін салаға мол қаражат бөлініп, ескерусіз қалып жатқан жоқ.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...