ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

№ 4 ОРТА МЕКТЕПКЕ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

13:55, 8 шілде 2021

 

ДИКТОР: Көкшетауда үш ауысымды оқу мәселесін жою үшін жыл сайын мектеп ғимаратына  қосымша құрылыстар тұрғызылуда. Былтыр осындай 3 ғимарат бой көтерген. Биыл № 4 қалалық орта мектепке 360 орындық жапсарлас құрылыс салынып жатыр. Нысанның салыну қарқыны мен сапасын облыс әкімі Ермек Маржықпаев жеке өзі барып тексерді.

РКС: № 4 орта мектептің базасында мыңнан астам оқушы білім алады.  Ал іс жүзінде білім ордасы 650-ге жуық оқушыны қамтуға қуатты. Қосымша құрылыс жоспар бойынша 2022 жылы пайдалануға  берілуі тиіс. Тек сонда ғана оқушылар тар кабинеттегі 3 ауысымды оқу процессінен құтылады.

СНХ: БЕЙСЕНБАЙ ӘБДІРАХИМОВ,  «АСАР СТРОЙ СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:/қаз/Қазіргі уақытта электромонтаждау, сантехника жұмыстары жүріп жатыр. Сыртқы канализацияны түгел бітірдік.

РКС: Нысан құрылысына 1,5 млрд. теңге құйылған. Алайда құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан тағы 350 млн. теңге жетпейді, - деді мердігер компания жетекшісі.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :  /қаз/ Егер қосымша ақша бөлсек, екі айдың ішінде бітіресіздер ғой?

ИНТЕРШУМ: /қаз/ -Иә, мынаны қыркүйекте беремін. Ал спорт залды желтоқсан айында беремін.

-Үстіңгі қабаттары қалай?

- Үшінші қабатта жұмыс қызу. Электромонтаж жүріп жатыр.

РКС: Қымбатшылыққа қарамастан құрылыс қарқынды. Жоспардан бұрын биылғы оқу жылында игілікке берілуі бек мүмкін. Өңір басшысы жұмысшы санын артырып, жұмыст жеделдетуді тапсырды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...