ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

43 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

19:18, 18 қараша 2021

ДИКТОР: Өткен он айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Ақмола облысында 59 қылмыстық іс анықтады. Оның 42-сі ауыр және аса ауыр қылмыс. Басым көпшілігі - ұрлық, алаяқтық пен парақорлық. РКС: Есепті кезеңде 43 лауазымды тұлға жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.   Оның тең жартысы – басшылық қызмет атқарғандар. Облыстық деңгейде жетекшілік еткені – 5-еу. Тағы 5-еуі қалалық, 6-уы аудандық мемлекеттік мекеме сеніп тапсырылған тұлғалар еді.

СНХ: АРМАН РАХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Сонымен қатар, облыста жүйелі түрде ұйымдастырлған 6 сыбайлас-жемқорлық фактісі анықталды. Нәтижесінде, 14 қылмыстың беті ашылып, 17 тұлға жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласуы бойынша 8 факт тіркелді. «Көлеңкелі»  экономика субъектілеріне лауазымды тұлғалардың қамқоршылық еткен  3 фактісінің жолы кесілді.

РКС: Ал қол астындағылардың коррупциялық әрекеті үшін 6 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған.  Оның 4-уі  қызметтен кетіпті. Жемқорлықпен қоғам болып  күресу жолында халықты ынталандыру институтының көмегі де зор. Жыл басынан бері 8 азаматқа  сыбайластық туралы хабар бергені үшін 980 мың  теңге сыйақы беріліпті.

СНХ: АРМАН РАХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды бақылау барысында 14 қылмыстық істі анықтадық. Нәтижесінде, 10 айда 1 млрд. теңгеден астам шығынды өтеуді қамтамасыз еттік. Жалпы облыстың 9 мемлекеттік органына сыбайлас-жемқорлық тәуекелдеріне сырттай талдау жүргіздік. Қорытындысы бойынша, нормативтік-құқықтық актілер мен ұйымдастыру-басқару мәселелеріне 50 ұсыным енгізілді.

РКС: Айта кету керек, қазан айында агенттік президенттің тапсырмасына сәйкес кеңейтілген жиын өткізді. Алдағы 5 жылға арналған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы саясат концепциясын бекітті.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...