ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

50 МЫҢ АҚМОЛАЛЫҚ ВАКЦИНА АЛҒАН

20:36, 4 мамыр 2021

ДК: Өңірде вакцинациялау қарқыны бәсең. Коронавирусқа қарсы екпе алған өңір тұрғындарының үлесі 10 процентке де жетпей отыр. Сала мамандары ақмолалықтарды азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады.

РКС: Өңірде үш түрлі вакцина егілуде. Қазір сәуір айында жеткізілген ресейлік «Спутник V» вакцинасының 2 мың дозасы қалған. Қосымша тағы 5 мың доза вакцина жеткізіледі. Қазақстандық вакцинаға да сұраныс жоғары. Бұдан бөлек, өңірге 26 мың доза қытайлық «Синовак» вакцинасы жеткізіледі. Оның алғашқы жартысы келіп үлгеріпті, қалған бөлігінің құжаты рәсімделіп жатыр. Бұл вакцина Біріккен Араб Әмірлігінде құтыға құйылып «Хаят» деген атаумен әлемде бір дозасы 80 доллардан сатылуда.

СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ////аударма///Бұл вакциналардың өзара айырмашылығы сақтау мен тасымалдау шартында ғана. Ресейлік вакцина минус 20 градусқа дейінгі суықта сақталуы тиіс. Ал, өзге екі вакцинаның сақтау температурасы плюс 8 градусқа дейін. Үш вакцина да екі компонентті болып табылады.

РКС: Ғалымдар екі компонентті вакциналардың арасындағы уақытты 6 аптаға дейін созуды ұсыныпты. Осылайша, екінші компонентті бұрынғыдай 21 күннен соң емес, 45 күн өткен алғанның тиімділігі 81 процентке дейін жоғары.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС  ДӘРІГЕРІ///аударма///  Бізде күніне 140-қа жуық адам вирус жұқтырып жатыр. 5 сәуірден бері Ақмола облысы қауіптің қызыл аймағында. Осыған бейланысты бизнес нысандарына, тұрғындарға бірқатар карантиндік шектеулерді сақтауға тура келеді. 03/59 Өкінішке орай, қазіргі таңда оқушылар арасында вирус жұқтыру дерегі жиілеген. Сәуірдің  басында күн сайын 5-6 оқушының вирус жұқтырғаны тіркеліп келсе, қазір күніне 27-ге дейін дерек тіркелуде. Бір мектепте 3 оқушыдан көп баланың індет жұқтыруына байланысты облыста 7 мектеп қашықтан оқыту режиміне көшті.   

РКС: Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 9,5 проценті ғана вакцина алған. Бұл шамамен 50 мың ақмолалық. Вакциналау облыс өңірлері арасында Зеренді ауданы көш бастап тұр.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...