ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

18:28, 30 сәуір 2021

ДИКТОР: «WorldSkillsAqmola 2021» өңірлік чемпионатының қорытындысы жарияланды. Жүлдегер атанған  50 студентті облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзі құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыстады.

РКС: Серік Андиров Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 4 курс студенті. Өңірлік чемпионатқа бірінші рет қатысты. «Кірпіш қалау» бойынша жобасын үздік қорғап, алтын медальға ие болды. 

СНХ: СЕРІК АНДИРОВ,  КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ://рус///Меніңше осындай чемпионаттар жастарға керек. Мұнда әртүрлі бағыттар бар. Сайысқа қатысқан сайын өзіңді көрсетіп, марапат алуға деген  ынтық күшейе түседі..

РКС: Чемпионаттың тағы бір жеңімпазы - Лолита Лебединская. Ол Қатаркөлдегі ауыл шаруашылығы колледжінің студенті. Ол жастайынан ат спортымен айналысқан. Жалпы жануарлар әлеміне деген қызығушылығы оны «Мал дәрігері» мамандығын оқуға алып келген. Өз ісін сүйетін Лолита аймақтың аламанда топ жарды.

СНХ: ЛОЛИТА ЛЕБЕДИНСКАЯ, ҚАТАРКӨЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:///рус///Әр адам үшін жеңіс тұғырынан көріну мақсат. Әсіресе, облыстық деңгейде. Қанша түн көз ілмей,  дайындалдым. Қорықтым. Ең бастысы мақсатыңды айқындап, соңына дейін күресу керек екен.

РКС: Өңірлік чемпионаттың 50-ге жуық алтын жүлдегері 50 мың теңге ақшалай сертификат алды. Ал екінші орын үшін 40 мың, үшінші орын үшін  30 мың теңге берілді. Шара соңында мерекелік концерт қойылды.

РКС: Мереке игі іске ұласты. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев «Болашақ сарайының» аумағын жасыл желекке айналдыру науқанына қатысты.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: ///рус///Қазақстан халқының бірлігі күні ең керемет мерекенің бірі. Барлық ұлт пен этнос өкілдері бұл ерекше күнді бағалауы керек. Біздің еліміз бен халқымыздың бар байлығы осында. Барлығыңызға сәттілік пен құт-береке тілеймін. Оқуда озат, жұмыста табысты болыңыздар.

РКС: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев тәуелсіздік құрдастарымен бірге 30 түп ағаш көшетін отырғызды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...