ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

500-ГЕ ЖУЫҚ АҚМОЛА ТҰРҒЫНЫ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

17:33, 12 қаңтар 2022

ДИКТОР: Қазіргі таңда, жастардың диплом алғаннан кейін тез арада меңгерген мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып кетулері оңай емес. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар қаншама. Бұл ретте, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының маңызы зор. Аталмыш бағдарлама іске қосылғалы көптеген қазақстандық меңгерген мамандықтары бойынша қысқа мерзімде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

РКС:  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы көптеген жастардың жұмысқа орналасып, білікті маман атануларына сеп болуда. Айталық, өткен жылы бағдарлама аясында 470 ақмолалық тәжіриебен өтіп, оның 95 проценті еңбекпен қамтылған.  Жауапты мамандар, биыл бұл көрсеткішті жоғарылатуды мақсат етіп отыр.

СНХ: АЗАМАТ ЖАНБЕТАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Жастарға басқа да іс-шаралар қолданып жатырмыз. Категория NEED дейміз. Олар білімдері жоқ. Оларды біз қысқа мерзімді оқуға бағыттаймыз. 6 ай оқып, Атамекен арқылы өз бизнес жобаларын қорғағаннан кейін сертификатын алып және өз бизнес идеясы бойынша  грант алуға мүмкіншілік бар. Өткен жылы бізде 260 адам жоспарланып 299 грант алды.

РКС: Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасқандардың қатарында көкшетаулық Камила Мырзабек те бар. Бұрымды бойжеткен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжін дизайнер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қолыма диплом алғаннан кейін көп ұзамай жұмыс табуыма жастар практикасының көмегі мол болды,-дейді жас маман.  

СНХ: КАМИЛА МЫРЗАБЕК, ДИЗАЙНЕР: Оқуды аяқтағаннан кейін мен Көкшетау қаласындағы жұмыспен қамту орталығының мамандарына жүгіндім. + 01:15 Өзімнің мамандығым бойынша жұмысқа тұрдым, қазір сән үйінде дизайнер болып жұмыс істеп жатырмын. Жарты жыл болды. Өзімді жақсы қырынан көрсеттім.

РКС: Айта кеткен жөн, биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының талаптарына бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Мәселен, тәжірибеден өту алдағы уақытта, 6 емес 12 айды құрайтын болады. Ал, төленетін жалақы мөлшері 20 АЕКтен 30 АЕКке дейін жоғарыламақ.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...