ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

5,1 МЛН. ГА АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛДІ

19:02, 17 маусым 2022

ДК: Егіс науқаны аяқталды. Диқаншылар 5,1 млн. гектар алаңда жаздық егіс жұмыстарын жүргізді. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Еркеш Әленов мәлім етті.

РКС: Биыл әлемдегі күрделі геосаяси жағдай минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, сондай-ақ тұқымдық материалдар бағасының өсуіне себеп болды. Ақмолалық аграршылар көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін барлық материалдарды қажетті көлемде алдын-ала жинақтап, ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы мерзімде егуді қамтамасыз етті.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өсімдік шаруашылығы саласында ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие басым дақылдардың өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында саланы әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, майлы дақылдар 283 мың гектар жерге себілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 18,5 мың гектарға жоғары.

РКС: Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет облысқа 72 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді. 727 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Агроөнеркәсіптік кешенге биыл 86,7 миллиард теңге бөлінді.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізу мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне  несие беру жолымен аграрлық секторды қолдау жүзеге асырылуда. «Кең Дала» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының  филиалдары арқылы 20 млрд.теңге сомасына 240 өтінім несиелендірілді. «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация кепілдігімен «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы шеңберінде 18,2 млрд.теңге сомасына 140 өтінім қаржыландырылды.   Бөлінген бюджет қаражаты дала жұмыстарының барлық қажеттілікті толығымен жабуға мүмкіндік берді.

РКС: Отандық тыңайтқыштардың бағасы 1,5 - тен 2,5 есеге дейін өсті, шетелдік тыңайтқыштар бойынша өсім 2,4-тен 3-ке дейін байқалады. Өнімділікті арттыру үшін биыл топыраққа 110 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарлануда

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...