ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН КӨРСЕТТІ

21:46, 1 қараша 2021

ДК: Жыл басында еліміздегі Ұлттық ұланның әскери бөлімдері арасында «Ұлттық ұлан – бір жауынгер отбасы, артымызда ұлт, мемлекет!» деген ұранмен әскери сайыс өткен болатын. Аталмыш іс-шара Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімнің мұрындық болуымен қолға алынған. Жерлестеріміздің ұйымдастырушылық қабілеттері инспекторлық тексеріс кезінде көрінді.

РКС: Қазақстан Республикасы  Ішкі Істер Министрлігі  Ұлттық ұланның әскери бөлімдері әр үш жыл сайын инспекторлық тексеруден өтеді. Командирлік және жауынгерлік даярлық деңгейі, қару-жарақпен қамтамасыз етілуі мен жай-күйі, заңдылық пен құқықтық тәртібінің жай-күйі тексеріледі. Осы және басқа да көптеген көрсеткіштерді жоғары деңгейдегі құзыретті комиссия өкілдері бағалады.

СНХ: ДАМИР ҚАСЫМОВ,  ҚР ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз 2021 жылдың қаңтарында жекпе-жек өткіздік. Қазір, 25 қазаннан бастап, Нұрсұлтан қаласынан ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының бас қолбасшылығына біздің әскери бөлімімізді инспекциялау үшін офицерлер келді. 

РКС: Жүргізілген инспекторлық тексеру қорытындысы бойынша әскери бөлімнің деңгейі жақсы деп бағаланды.

СНХ: ЖАЛҒАС ҚАЛИЕВ , ҚР ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ: Мен 5510 әскери бөлімінде қызмет еткеніме қуаныштымын. Біздің бөлім- үздіктердің бірі екенін растады. Біз мұны инспекторлық тексеруді тапсырғанымызбен растадық. Бәрі біз ойлағандай болды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ИВАН ОДНОРОГ,ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...