ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

65 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ УАҚЫТЫЛЫ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕМЕГЕН

19:31, 19 шілде 2021

 

ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірдегі 65 кәсіпорын қызметкерлерге  уақытылы еңбекақысын төлемеген. Салдарынан 300-ге жуық жұмысшының алдында  83 млн теңге қарызға батқан. Еңбек шарттарының мұндай өрескел бұзылу деректері соңғы уақытта едәуір өскен. Бұл туралы облыстық кәсіподақтар орталығы дабыл қақты.

РКС: Пандемияның әсерінен еңбек шарттары мен азаматтардың өзге де әлеуметтік құқықтарының бұзылу фактілері көбейген. Негізсіз жұмыстан шығару, қызметкерлерді күштеп төленбейтін еңбек демалысына жіберу секілді жағдайлар бойынша кәсіподаққа арызданушылар қатары мол.

СНХ: БОЛАТ ЖҰПЫНОВ, «YNTYMAQ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Қызметкерлердің құқығын қорғауға бағытталған іс-шаралардың нәтижесінде 83,5 млн. теңге азаматтарға қайтарылды.  Еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін 65 заңды тұлғаға 6,2 млн. теңге айыппұл салынды. Мәселен, Ерейментау ауданындағы банкротқа ұшыраған  «Металлон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 13 жұмысшының  алдында жалақы бойынша 23,9 млн.теңге берешегі бар. Ол «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес өтеледі.

РКС: Кәсіподақ мүшелерінің айтуынша, елде жұмыс орындарының аздығы қызметкерлердің жұмыс берушінің кез келген талабына көндіге беруіне себеп болып отыр. Өз кезегінде жұмыс берушілер экономикалық дағдарыс деген желеумен келісім-шарттарды өз ырқына қарай өзгертіп алады.

СНХ: БОЛАТ ЖҰПЫНОВ, «YNTYMAQ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Жұмыс берушілер дұрыс құрылмаған менеджмент пен әлеуметтік жауапкершіліктің төмендігі нашар басқаруға алып келетініні,  адами капиталды дамытуға қаржы бөлмеу – мамандардың жұмыстан шығуы мен жаңа қызметкер іздеуге апарып соғатынын түсінуі керек. Бұл  - ақыры кадр жетіспеушілігі мен өндіріс жұмысының тоқтауына әкелетін фактор.

РКС: Мемлекет дамуының алғышарты – адами капиталда. Кәсіподақ қашан да азаматтардың жыртысын жыртып, құқын қорғауға дайын екендігін білдірді. Еңбек даулары бойынша одақ құқықтық кеңес беруге дайын.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...