ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

65 ЖАСТАН АСҚАНДАРҒА ВАКЦИНА АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

20:09, 8 сәуір 2021

ДК: Арнайы мобильді бригада мектептердегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне  оқушыларға шұғыл көмек көрсетуді үйрету үшін семинар өткізді. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес Красный Яр мен Нұрлы көш елдімекендеріндегі ұйымдардың жұмысшыларына және тұрғындарға вакцина егілді.  

РКС: Нұрлы көш ауылының тұрғындарынан вакцина салдыруға 5 өтініш келіп түсті. Мобильдік бригада күні бүгінге дейін «Ақсай Нан» ұйымының 21 қызметкеріне екпе салды.

РКС: Вакцинация салмас бұрын міндетті түрде адамның дене қызуы, қан қысымы, жүрек қағысы өлшенеді, оның әлдебір сырқатпен есепте тұр ма, жоқ па, барлығы зерттеледі. Екпеге аллергиялық реакцияларының бар-жоғы да тексеріледі. Созылмалы ауруы бар азаматтарға екпе салынбайды.   

СНХ: ЖАНАТ АБУЛКИН, НҰРЛЫ КӨШ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ//аударма///  Өз еркіммен екпе салғым келді. Болашақта бәрі бірдей міндеттеледі. Менің барлық туыстарым Омбыда тұрады, болашақта шекарадан өту үшін растайтын құжат қажет болады. Отбасымыз түгелімен вакцина алып үлгерді.

РКС: Бүгінгі таңда Красный Ярдағы №1 мектептен 10 қызметкер екпе алуға өтініш берді.

СНХ: ӘСЕЛ СЕПЕНОВА, КРАСНЫЙ ЯР АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ///аударма///  Қазір орталықтың бас дәрігерімен мектептегі медицинаға қатысты бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Педагогтарды, дәлірек айтқанда дене шынықтыру пәні мен  бастауыш сынып мұғалімдерін балаларға алғашқы шұғыл көмек көрсетуге үйретуді қолға алмақпыз. Бүгінгі таңда мұғалімдерге вакцина салынып жатыр. 

СНХ: АЙЖАН ЖӘКЕНОВА – КРАСНЫЙ ЯР №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ///АУДАРМА///Әрқайсымыздың денсаулығымыз үшін біз коронавирусқа қарсы вакцина алуымыз керек. Кеше мен екпе салдырдым. Басым  ауырып, сүйектерім сырқырады. Кейбір әріптестерімнің қызуы көтерілген. Ал менде ондай белгі болған жоқ. Менің ойымша, әр организм әртүрлі әрекет етеді.  Қазір денсаулық бәрінен маңызды.  Әркім өзі үшін жауап беретін шешуші сәт.

РКС: Айта кету керек, енді 65 жастан асқан адамдар коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдыра алады.  

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МҮСЛИМА АСХАТОВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...