ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

800 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

19:57, 29 шілде 2021

 

ДИКТОР: Биыл құрылыс және автомобиль жолдарын жөндеу бағытында 232 жоба қолға алынған. Жоспар бойынша автожолдарды күтіп ұстау сапасын 98 процентке дейін жеткізу көзделіп отыр. Инфрақұрылымды жан-жақты даму мәселелері «NUR OTAN» партиясы облыстық филиалының Саяси бюро кеңесінде талқыланды.

РКС: Биыл жергілікті маңызы бар автожолдарды салу мен жөндеуге 38 млрд. теңге қарастырылып, қосымша 12 млрд. теңге бөлінді. Барлығы 800 шақырым автожол жөнделеді.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Автомобиль жолдары бөлігінде 5 іс-шара қарастырылған. Бұл облыстық маңызы бар 50 шақырым жолды күрделі жөндеу, 1мың 200 шақырым жолды орташа жөндеу. Оның ішінде облыстық маңызы бар 700 шақырым, аудандық маңызы бар 500 шақырым жол бар. Зеренді, Бұланды, Атбасар және Есіл аудандарында 4 автожол көпірін салу, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 77 тірек ауылдардағы ұзындығы 423 шақырым көшені орташа жөндеу, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 98% - ға дейін ұлғайту көзделген.

РКС: Саяси бюросының кеңесінде автожолдардың жалпы жай-күйі, қысқы күтіп ұстау және ақпараттық белгілерді орнату бойынша халықтың өтініштері мен шағымдарына назар аударылды. Әсіресе, облыс орталығында жүріп жатқан жол құрылысына ерекше мән берілді. Мұнда 3,5 миллиард теңгеге 14 шақырым жол жөнделеді.

СНХ: БАУЫРЖАН  ҒАЙСА,  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Ғабдуллин көшесіндегі жолды қайта жөндеу жұмыстарын тамыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні Ғабдуллин мен Ақан сері қиылысында су құбырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың 90 проценті аяқталды. Бейбітшілік шағын ауданындағы Уәлиханов көшесінен бсталған жолды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Оған 300 миллион теңге бөлінді. Қосымша қаржы берілсе,  жоба биыл аяқталуы мүмкін.

РКС: Депутаттар мен "NUR OTAN" партиясы облыстық филиалының жетекшілері құрылыс нысандарын уақытылы пайдалануға беру мәселесін де қозғады. Жиын соңында өңірде іске асып жатқан  4 инвестициялық жобаның мерзімінде аяқталмай қалу қаупі бар екені де айтылды.  

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...