ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

850 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ІРІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

14:02, 7 шілде 2021

 

ДИКТОР: Зеренді ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды. Жарты жылдың ішінде бұл бағытта 587 млн. теңге игерілген. Оның 2 мың 300 шаршы метрі қолданысқа берілген тұрғын үй. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауданға жұмыс сапарында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

РКС: Аудан орталығы Зерендіде 195 мың шаршы метр аумақты жылытуға қуатты ірі қазандық салынып жатыр. Қатты отынмен 23 мВт дейін қыздыратын нысан өңірдегі  қалған 4 кіші қазандықты біріктіреді. Жобаны жүзеге асыруға 850 млн. теңге бөлінген.

СНХ: ВЛАДИМИР ЗАЙЧЕНКО, «ТИТАН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: /русс/ Құрамдас жабдықтар, оның ішінде қазандық агрегаттары мен жылу желілері әкелінді. Блокты-модульді қазандықтың  металл қаңқасының іргетасы орнатылды. Әрі металл қаңқасын монтаждау, қабырға  панельдерін ішінара орнату жұмыстары жүргізілді.

РКС: Жалпы Зеренді ауданы бойынша 24 шақырым жылу желісі тартылған. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жетекшісінің баяндауынша, жүйеде ақау жоқ. Жөндеу жұмыстары қажет емес. Ал автомобиль жолдарын  жөндеуге 298 млн. теңге бөлінген. Биыл Викторовка, Қарағай, Шағалалы, Жаңаауыл, Еленовка ауылдарының жолдары  «Ауыл -  ел бесігі» бағдарламасы аясында реттеледі.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: /русс/ 01:04 Өткен жылы да жолға қыруар ақша бөлдік. Бірақ сапа жоқ! Тұрғындар тарапынан ана жолды, мына жолды бақылауға алыңызшы деп қаншама шағым түсті. Облыс үлкен. Жұмыс жетеді онсыз да. Жергілікті жұмыстың сапасын сіздер қадағалауға тиіссіздер. Былтыр істелген жолдар бойынша кемшілік жетеді.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: /русс/  Былтыр жөнделген жолдардың 1 жылдық кепілдігі бар. Біз заң бойынша кеткен ақауды дәлелдеу үшін сараптамаға жолдадық. Биыл төселетін жолдарыдың да кепіл мерзімі болады.

РКС: Зерендідегі 79 елді-мекеннің 33-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылыпты. Оның үштен бір бөлігін қайта жөндеуді талап етеді.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...