ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

20:24, 22 шілде 2021

 

ДК: Степногорск қаласында жол жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Тұрғындардың өтініші бойынша 7-ші шағын орталықта жаңа саябақ пайдалануға берілмек. Онда 980 метр велосипед жолы салынып, балалар алаңы мен спорттық қондырғылар орнатылмақ. Сондай-ақ, басқа да мөлтек аудандармен байланыстыратын 6 көшенің жолы жөнделеді. Осылайша, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жергілікті билік талай жылдан бері қараусыз қалған орындарды қайта қалпына келтіріп, ел игілігіне тапсырмақ ниетте.

РКС: Жаңа жол Сарыарқа көшесінен басталып, Целиноград көшесіне дейін ұзартылады. Яғни, 6,7,9-ші шағын орталықтарды байланыстырады. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер компания «Стронг-Сервис Петропавловск» серіктестігі.  Жалпы жоба құны - 89 миллион теңге.

СНХ: МАКСИМ ПИМНЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ: Қазіргі таңда 7-ші шағын аудандағы саябақты абаттандырумен айналысып жатырмыз. Мұндағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жалпы көлемі 3 мың 500 шаршы метрді құрайды. Бір ойын алаңы мен спорттық алаң да қарастырылған. Мұнымен бірге жарықтандыру жүйесі де жүргізіледі. Қазір велосипедшілерге арналған жолдың 980 метрін аяқтадық. Барлық жұмыстарды уақытылы аяқтап, тұрғындардың игілігіне пайдалануға беруге дайынбыз.

РКС: Бүгінде құрылыстың 30 проценті аяқталған. 40-қа тарта жұмысшы күні-түні еңбектенуде.  15 бірлік техника жұмылдырылған. Нысан келер жылдың 31-ші тамызына дейін пайдалануға берілмек. Айта кетерлігі, жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындардың ұсыныстары да ескерілуде. Соған сәйкес, қосымша ойын алаңдарын салу жоспарда.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАСТАН БОЛАТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...