ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАТЫС ӨҢІРІНЕ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

19:19, 13 маусым 2022

ДК: «Абылай ханның қара  жолы» экспедициясы төртінші мәрте зерттеу жұмыстарын  бастады. «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық  қорының қолдауымен 2018 жылы бастау алған экспедиция құрамы биыл еліміздің Батыс өңіріне жолға шықты. Экспедицияның құрамында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарының тарихшылары, өлкетанушылары мен зерттеушілері бар.

РКС: Танымдық экспедиция Алтын Орданың 750 жылдығына, ұлт  ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына, шығыстың қос жұлдызы Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналып отыр.

СНХ: МҰРАТ ҚАЖЫ ЫДЫРЫСҰЛЫ, ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ: Мәдени мұраларымызды зерттеп, халықпен кездесулер ұйымдастырмақпыз. Бізді Ақмола облысының әкімі – Ермек Боранбайұлы қолдады. Ол кісіге үлкен алғысымызды білдіреміз. Батыс бізді күтіп отыр. Күніге байланыстамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

РКС: Экспедицияның  басты мақсаты Қазақстанның Батыс өңірінің ерлік, тарихи, рухани, мәдени өмірі мен салт-дәстүрін зерделеу. Сонымен қатар өңірдің ұлы тұлғаларының өмірі және шығармашылығымен киелі орындармен танысу да сапар бағдарламасында қарастырылған. Экспедиция мүшелері ежелгі қала орындарын зерттеу, қалалардың сәулетімен және  мәдениетімен танысады. Сондай-ақ қазақтың азаттығы үшін болған шайқас орындарына барып және тарихи-өлкетану музейлерін де араламақшы.

СНХ: ЖАБАЙ ҚАЛИЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ұйымдастырып отырған Ақмола облысының әкімдігіне, жұртшылығына, кәсіпкерлеріне рақмет айтамыз. Экпедиция құрамында  14 адам бар. Жалпы Батыста 4 орталық елді-мекен мен Қазақстан астанасы болған – Орынборға жол тартқалы тұрмыз. Алғашқы жол Арқалық қаласы. Ол жерде Ахмет Байтұрсынұлының 150 – жылдығына орай кездесу өтеді. ///03:29/// Әрі қарай Маңғыстау облысы. Осы экспедицияға Бейнеу қаласының өкілдері қосылады.  

 

СНХ: ҚҰРАЛАЙ АМАНТАЙҚЫЗЫ, ӨЛКЕТАНУШЫ (ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ): 4-ші рет ұйымдастырылып отырған «Абылайдың қара жолы» атты экспедицияға бара жатқанымызға қуаныштымын.  Өлкеміздің ең киелі жерлерімен, тарихи орындарымен, керемет тұлғалардың өмір сүрген жерлерімен танысуға бара жатрырмыз. Бұл сапар тарихымызға көп мағлұмат береді деп ойлаймын.+СКЛ+Бұл тек Ақмола облысының емес, республиканың ең маңызды іс-шарасы.

РКС: Былтыр 7 мың шақырымды айналып өткен экспедиторлар биыл 8 мыңнан астам қашықтықты еңсермек. Ақмола облысының жұртшылығы зерттеушілерге сәт сапар тілесе, ақсақалдар ақ батасын беріп, алыс жолға шығарып салды.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...