ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

АДАЛ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

14:02, 14 сәуір 2021

ДК: Адал ұрпақ тәрбиелеу – мәңгілік елдің кепілі. Яғни, жас өрендердің санасына сыбайлас жемқорлықтың зиян екенін сіңіру маңызды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов аймаққа келген жұмыс сапарында қадап айтты. Атбасар ауданында бір топ жаспен кездесіп, ашық диалог орнатты.

РКС: Атбасар ауданында орналасқан аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттері жемқорлықпен күресте өте белсенді. 2018 жылы оқу орнында құрылған «Саналы ұрпақ» клубының бүгінгі жұмысы көңіл қуантады. Ең алғашында клуб сапында 10-нан астам ғана студент болған. Қазір олардың  саны 50-ге жуықтаған.

СНХ: ГҮЛЗИРА ЖҮСІПОВА, «САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ////аударма/// Біз жыл сайын арнайы құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейміз. Яғни, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Оның ішінде түрлі сайыстар, конференциялар, кездесулер бар. Осы жыл ішінде біз сенім телефоны мен жәшігін құрдық. Ол жерге кез келген студент өзін толғандырып жүрген сауалдарын жазып қалдыра алады. Біздің клуб мүшелері ол жәшікті ай сайын тексеріп, сол бағытта жұмыс атқарады.

РКС: Бүгінде бұл білім ошағында 9 мамандық бойынша 700-ден астам студент білім алады. Жас өрендермен ашық кездесу өткізген Олжас Абайұлы клуб жұмысына жоғары баға беріп, жемқорлық зардаптарын атап өтті.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ//аударма//Біздің мемлекетімізде өздеріңіздер сияқты белсенді, адал, патриот жастар көп болса, соғұрлым  жемқорлық дерегінің азаяры сөзсіз. Біз осы тұрғыда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Десе де, бұл жұмыстардың ай сайын берілетін есеп үшін ғана емес, шынайы болғанын қалаймын.

РКС: Сондай-ақ, жұмыс тобы аудан орталығындағы сервистік әкімдіктің де тыныс-тіршілігімен  танысты. Қазіргі таңда мұнда 10-ға жуық маман әр сала бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуде.

СНХ: ГҮЛНӘР ЖҮСІПОВА, СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ////аударма// Біздің сервистік әкімдік ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрлысы, архитектура тағы басқа салалар бойынша жауап береді. Көбінесе тұрғындар ауыл шаруашылығы бойынша техникаларды тіркесе, құрылыс бойынша нысан эскиздарын бекіттіреді. Күніне 20-30 адам қабылдаймыз.

РКС: Ал, Жақсы ауданында дәрігер тапшы. Аудандық аурухана басшылығы Олжас Бектеновке осылайша  өз базынасын жеткізді. Қазіргі таңда мұнда 20 дәрігер жұмыс істейді. Әлі де 12 маман қажет. Сондай-ақ, жұмыс тобы аудандық сервистік әкімдіктің жұмысымен де танысты. Заманауи қондырғылармен жабдықталған әкімдікте бұқара халық үшін бар жағдай қарастырылған.

РКС: Агенттік төрағасының бірінші  орынбасары Олжас Абайұлы аудан тұрғындарын жеке мәселесімен қабылдады. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты сұрақ көтерген бірнеше тұрғынның сауалын жауапсыз қалдырмайтындығын ескертті.

РКС: Бұл шара Есіл ауданында да жалғасын тапты. Өз шағымымен жүгінген тұрғынның бірі – Оксана Сарыбаева. Ол мәдениет саласында 10 жылдан астам қызмет етіп келеді. Десе де, осы 10 жыл бойы пәтер кезегінде тұрып, баспана ала алмай жүргенін жеткізді.

СХН: ОКСАНА САРЫБАЕВА, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///ҚАЗ///Мен мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегінде тұрмын. Бірақ, кезек жылжымайды. Негізгі пәтерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жалғысбасты аналарға беріліп жатыр. Мен түсінем. Бірақ, біздің жағдайымыз не болады?

РКС: Айталық, аудан бойынша 512 адам пәтер кезегінде тұр. Соның 137-і мемлекеттік қызметкер. Ал, аудан басшылығы күрмеуі қиын бұл мәселені жан-жақты қарастырып жатқандарын айтады.

СНХ: СЕРІК БАЛЖАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ//аударма///Бізде салып жатқан үйлердің барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынуда. Ол пәтерлердің барлығы сол жаңағы 3 санат бойынша үлестіріледі. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметкерлерге әзір үй салынған жоқ.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ//аударма//Баспана мәселесі қашанда өзекті. Бір мезетте бәріне бірдей пәтер бере алмаймыз ғой. Десе де, мемлекет тарапынан осы салаға зор қолдау көрсетіліп жатыр. Сондықтан сіздің мәселеңізді де назарға аламыз.

РКС:Сапар соңында Олжас Бектенов Есіл ауданының активімен келелі кездесу өткізді. Жиында жемқорлықты түбімен жою мәселесі тақыланды. Төраға орынбасарымен бірге келген белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлыда келелі кездесуде өз ойын ашық білдірді.

СНХ: ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ, АҚЫН, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ///қаз///Жалпы халықтың түсінігінде сыбайласқа қарсы күрес агенттігі аждаһаның ауызы емес, соны осы қаламгерлермен халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жеткізу маңызды. Қылмыстың жазасын өтеу бір басқа, ал, сол қылмыстың алдын алу ол бөлек дүние. Жалпы өңір-өңірдегі агенттіктің жұмысын насихатауда қаламгерлер белсенділік танытады. Өйткені, билік пен халық арасындағы алтын көпір осы ақындардың еншісінде. Сондықтан жемқорлықтың алдын алуға бізде осылай өз үлесімізді қосамыз.

РКС: Иә, жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ іс. Сондықтан, қоғамға дендеген осы дертті жеңу әр азаматтың парызы. Жиынға қатысқан әр жанның ортақ ойы осыған саяды. Олжас Бектенов қорытынды сөзінде де осыған үндеп, парақорлықты күресе бағындыруға шақырды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...