ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ

21:47, 27 қазан 2021

 Жүргізуші: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттілігі кеңейтіледі.  Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тиісті Заң жобасы қаралды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елімізде 2002 жылдан бері бар.  2017 жылы оның жұмысы туралы Конституцияда да жазылды.  Омбудсменді 5 жылға сайлау және қызметінен босату Сенат құзыретіне кіреді. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті дайындаған Заң жобасында уәкілдің өкілеттілігін кеңейту көзделген.  Енді Омбудсмен адамдардың құқығын қорғау үшін тиісті органдарға өз ұсынысын, қылмыстық іс қозғау туралы өтініш хатын жіберумен қатар, сотқа да жүгіне алады. Тағы бір жаңашылдық, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әр өңірде өкілі болады. Жалпы, адамның құқығын қорғау кез-келген мемлекет үшін ең өзекті мәселенің бірі .

СНХ:  АЗАТ ПЕРУАШЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Өкінішке орай, ешбір мемлекетте адам құқығы толық қамтылған жоқ деп айтуға мәжбүрмін. Кейбір мемлекеттерде толығырақ, кейбір елде кемірек. Біздің елде де мұндай проблемалар бар, біз оны ашық мойындауымыз керек.  Бүгінгі Заң жобасының шыққанының өзі осы бағытқа, осы жұмысқа тиісті серпін беру мақсаты бар деп есептеймін.

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...