ШҰҒЫЛ! «МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

AgroData МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ-ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15:30, 16 қазан 2020

ДИКТОР: Қазгидромет мамандары жаңа мобильді интернет-қосымшасын іске қосты. Интернет-қосымша Қазақстанның барлық шаруа қожалықтарына, басқа да азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған.

РКС: AgroData мобильді интернет-қосымшасы министердің арнайы тапсырмасы бойынша жасалған. Ол арқылы фермерлер онлайн режимде ауа райы болжамы туралы өзекті ақпараттарды ала алады. Нақты және болжамды агрометеорологиялық деректер фермерлерге облыстар мен аудандар бойынша қолжетімді болмақ.

СНХ: ГҮЛЖАН БАЙМҰҚАНОВА, ИНЖЕНЕР-АГРОМЕТЕОРОЛОГ //орыс// Бұл қосымша арқылы,  ауа райы, егін себуге алдын ала болжам басқа да  ақпараттар алуға болады. Сонымен қатар егіннің түсімі мен құрғақшылық жайлы да білуге болады. Бұл жерде егін себу алдында топырақтағы ылғалды өнім қорын, құрғақшылық пен өнімділіктің болжамы көрсетіледі.  

РКС: AgroData қосымшасын кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Бұл жерде ақпарат 3 сағат сайын жаңартылып отырады. Айта кетейік, Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ,- дейді мамандар.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар