ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

АЙМАҚҚА 558 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛМАҚ

14:25, 7 сәуір 2021

ДК: Ақмола облысында инвестиция көлемі 26 процентке өсті. Соның арқасында бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Өнеркәсіптің даму қарқыны бойынша өңір республикада 2-ші орынға тұрақтады. Инвестициялық салым мен аймақтағы өнеркәсіптің даму деңгейін тілшіміз Жансұлу Жиенқұл баяндайды.

РКС: Былтыр облыс экономикасына 426 миллиард теңге инвестиция тартылды. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібіне тиесілі. Оның ішінде қаржының 44 проценті өнеркәсіп секторын дамытуға бағытталған. Өңірде инвестициялық климатты жақсарту мақсатында  инвесторларға арналған фронт-кеңсе мен  «Kazakh Invest» өңірлік операторы жұмыс істейді.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Негізгі капиталға инвестиция тарту  бойынша өсім байқалады. 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп. Оның 80 проценті -жеке инвестиция .

РКС: Сыртқы инвестиция көлемі 3 есеге артып, 60 миллиард теңгеге жетті. Осылайша инвестиция көлемінің артуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке салық аударымдарын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Инвестициялар бізде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, қызмет көрсету және сауда сияқты басқа да салаларға тартылды. Отандық және шетелдік инвестициялар, екінші деңгейдегі банктердің қарыз қаражаты, халықаралық ұйымдардың кредиттері де бар. Шетелдік капиталдың қатысуымен ірі жобалар іске асырылып келеді.

РКС: Қаңтар – ақпан айларында 50 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өңірде тау-кен және тамақ өнеркәсібінде ірі жобалар іске қосылды. Биыл өңір экономикасына барлығы 558 миллиард теңге инвестициялық салым тарту жоспарланып отыр.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АСЛАН АБУТӘЛІПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...