ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ

21:27, 3 тамыз 2021

  ДИКТОР: Тәуелсіздікпен бірге түлеп келе жатқан Қазақстан жастары текті ұлттың ұрпағы екенін іспен дәлелдеуде. Олардың әр ісінде үлкен жауапкершілік, бастамашылық пен еңбекқорлық сезіледі. Мұның бәрі Қазақстанның, атап айтқанда, Ақмола облысының табысты дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.    

РКС: Ақнұр Әубәкірова 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Көкшетауға қоныс аударған ол орта білімді осында алып, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірді. Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеуден өтіп, 2017 жылы облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші -қон департаментіне жұмысқа орналасты.  
СНХ:  АҚНҰР  ӘУБӘКІРОВА, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ //аударма// Менің жұмысым - қаржылық мәселелер бойынша құжаттар мен хаттар дайындау. Азаматтарды жұмыспен қамту мәселелеріне құқықтық қолдау көрсетемін.Тәуелсіздік құрдасы болу мен үшін үлкен абырой. Егемен еліміз­дің ертеңіне қызмет етуді мақтаныш тұтамын. Туған жердің өркендеуіне үлес қосуды перзенттік парызым деп есептеймін.
РКС: Тәуелсіздік құрдасының бөлім жұмысына қосқан үлесін оның әріптестері мен тікелей басшылығы да ерекше бағалайды.
СНХ: ШЫНАР ЖҰМАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ//аударма///Мен Ақнұрмен 2018 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен оны өте мейірімді, жанашыр адам ретінде білемін. Ол тез шешім қабылдай алады. Жас та болса бәрін ақылға салып істегенді ұнатады, әділдігін тағы айтып өтер едім. Жұмысқа келетін болсақ, ол өз жұмысына тиянақты маман. 
РКС: Облыс пен республиканың әлеуметтік-экономикалық саласының қазіргі жағдайда дамуы білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашыл жастарды іздеп, оларды еңбекке баулуды талап етеді. Тәуелсіздіктің құрдастары аймақтың дамуына ғана емес, еліміздің кез келген салада өркендеуіне зор үлес қосып отырған ұрпақтың өкілі.  

САЛТАНАТ БЕЙСЕНОВА, ИВАН ОДНОРОГ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»


 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...