
ДИКТОР: Әлемде бірнеше ардақты әрі ерекше құрметке лайық мамандық бар. Соның бірі-дәрігер. Олар қандай марапат берілсе де көптік етпейді. Өйткені, бұл саланы сүйіп, таңдаудың өзі ерлік. Өңірде де осындай ақ халатты абзал жандар аз емес. Тіпті, бұл мамандық ұрпақтар сабақтастығымен де жалғасып келеді. Солардың бірі –денсаулық сақтау саласында 60 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Червениновтар отбасы.
РКС: Бұл отбасын ақ халатты абзал жандардың әулеті деуге әбден болады. Себебі, бір отбасындағы үш бірдей адам денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Отағасы Виктор Червенинов Қарағанды өңірінің тумасы. Саналы ғұмырын медицинаға арнаған. Ардагер дәрігер қызметінің алғашқы жылдарын зор сағынышпен еске алады.
СНХ: ВИКТОР ЧЕРВЕНИНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Институт бітіргеннен кейін қолымызға дәрігер деген бір парақ анықтама ұстатты. Ол кезде дәрігер деген атақты алудың өзі қиын болатын. Туберкулез диспансерінде жұмыс істедім. Біздің міндетіміз науқастардың дәрілерді уақытылы ішуін қадағалау еді. Содан кейін ренгенолог мамандығын оқыдым. Міне, 1964 жылдан бері осы салада жүрмін.Өзімнің жүрек қалауым.
РКС: Әкесінің жолын қызы да қуған. Бүгінде Лилия Червенинова да медицина саласының қызметкері. Оның да еңбек өтілі 25 жылдан асқан. Ол дәрігер болуыма отбасым себепші болды,-дейді.
СНХ: ЛИЛИЯ ЧЕРВЕНИНОВА, ҚЫЗЫ: Мен дәрігерлер отбасында дүниеге келдім. Әкем де, анам да медицина қызметкерлері. Кішкентайымнан бұл саланың аса маңызды екенін түсіндім. Сондықтан да, өмірімді медицинамен байланыстырдым. Қазір анестезиолог-реаниматолог маманымын.
РКС:Осындай құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтай алудың өзі абырой. Ол үшін үлкен жауапкершілік пен шыдамдылық қажет. Өйткені, дәрігерлік қызмет қызығы мен шыжығы бірге жүретін күрделі мамандық. Оны отбасылық іске айналдыру екінің бірінің қолынан келмейді.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»