ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

АҚКӨЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

19:50, 13 қазан 2021

 

ДИКТОР: Облыстық төтенше жағдай департаментінің бастамасымен Ақкөл ауданының Азат ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Су жаңа бекет елді мекеннің, жақын маңда орналасқан ормандар мен далалық массивтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

РКС: Ақкөл ауданының Азат ауылында 300 отбасы немесе мыңнан астам адам тұрады. Жаңа өрт сөндіру бекеті осы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп жоспарланған. Бекет  жылытылатын гаражбен қамтылған, телефон байланысы жұмыс істейді бір сөзбен айтқанда, қажетті жағдайдың барлығы жасалған.    

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ: Облыс әкімдігі өңірде өрт сөндіру бекеттерін салу бойынша  «Жол картасына» қол қойған болатын. Бүгінгі таңда, бұл отыз алтыншы бекет. Төтенше жағдай департаменті, өз кезегінде,  өрт сөндіру техникасын жергілікті атқарушы органдарға тапсырады.

РЗК: Жыл басынан бері ауданда 46 өрт жағдайы тіркелген. Тілсіз жау орын алған кезде әр секундттың маңызды екені айтпаса да белгілі.Көптеген елді мекендер облыс орталығынан әлдеқайда алыс орналасқан. Сондықтан, өрт сөндіру бекетінің ашылуы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды.  

РКС: Жаңа өрт сөндіру бекетінің жұмысы қауіпсіздікті күшейтіп, өрт орын алған жағдайда жедел әрекет етуге септеседі. «Жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейінгі жоспарын сәйкес облыста тағы осындай 7 бекет ашу жоспарланған.  

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕҚКАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...