ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

АҚМОЛА МЕН АТЫРАУ АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ БАЙЛАНЫС

20:18, 22 шілде 2021

 

ДИКТОР: «Рухани қазына – 2021» фестивалі шеңберінде мәдени астана Көкшетауда жоспарлы іс-шаралар легі жалғасын тапты. Атырау облысының тарихи-өлкетану музейі сармат кезеңіне тән 300-ге жуық жәдігерді Ақмолаға алып келді. Көрме алдағы 7 күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады.

РКС: Атырау - темір дәуірінің тарихи ескерткіштері көптеп табылған өлке. Археологтардың айтуынша, батыстың табиғи ерекшеліктері  көне жәдігерлердің қалпын бұзбай сақталуына тікелей әсер етеді. Батыстың алтын адамы - «Сармат көсемі» мен «Сармат ханшайымының»  реконструкциясын Атыраудан Арқаға тасыған музей мамандарының басты мақсаты – тарихи жадыны жаңғырту.

СНХ: РАШИДА ХАРИПОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  «Ұлы дала жауһары» экспозициясын және Атырау облысы музейлерінің  қорындағы археологиялық коллекциялар кітабының тұсаукесері осы  Ақмола облысында өткізіледі. Бұл көрмеге 270-тен астам  тарихи құндылық әкелінді. Соның ішінде Қазақстан бойынша теңдесі жоқ Атырау өңірінен табылған алтын адам.  Және сармат кезеңінің түпнұсқа жәдігерлерін көрермендер назарына ұсынамыз.

РКС: Жергілікті музей мен атыраулық делегация өзара меморандумға қол қойды. Мақсат – археологиялық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыс орнату. Мәселен, Атыраудың облыстық музейі жастарды тарихқа тарту мақсатында мекеме жанынан жас экскуроводтар клубын жүргізеді. Үйірменің үздіктері өлке тарихын Көкше жұртына таныстыруға ере келіпті.  

СНХ: РАУШАН СЫРЫМБАЕВА, ЖАС ЭКСКУРСОВОД КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ, /АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: Қазақстанның, жалпы қазақ тарихын басқа елдерге танытуға, дамытуға үлес қосу мақсатында біз Көкшетау қаласына келіп қалдық.  Қазір тарихты білмейтін, қызықпайтын балалардың қызығушылығын ашып, дамытқымыз келеді.

РКС: Атыраудың терең тарихымен танысуға мүмкіндік беретін көрме 22-29 шілде аралығында ақмолалықтар үшін тегін. Қызыл аймақтың талаптарына сай, тарихи-өлкетану музейіне тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДАРЫНДЫ АҚМОЛА ЖАСТАРЫ ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ ҚҰРЫЛДЫ
20:10, 30 шілде 2021
ДАРЫНДЫ АҚМОЛА ЖАСТАРЫ ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРУҒА АСЫҚҚАНДАР...
20:01, 30 шілде 2021
ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРУҒА АСЫҚҚАНДАР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІР СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА МЕДАЛЬ
20:14, 26 шілде 2021
ӨҢІР СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА МЕДАЛЬ
Толығырақ...