ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА КІРДІ

19:22, 8 қазан 2021

 

ДК: Ақмола облысы қайта қызыл аймаққа кірді. Соңғы тәулікте індетке шалдыққан 43 науқас анықталыпты.  Инфекция жұтырғандар арасында оқушылар саны да артқан. Бүгінде өңірдегі 48 мектептегі 68 сынып каратинге жабылған.

РКС: Індет қайта өрши бастады. Әсіресе, соңғы күндері инфекция жұқтырған мектеп оқушылары көбейген. Салдарынан бірнеше сынып карантинге жабылып, білім ошақтарындағы санитарлық талаптар күшейе түскен.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыста жаңа оқу жылы басталғалы оқушылар арасында 358 жағдай тіркелді. Соның 38 проценті оффлайн режимде білім алғандар.  Негізінде аурушаңдылық деңгейін қарайтын болсақ, осы қаладағы адамдардың үлесі басым.  Сондықтан қала мектептері арасындағы оқушылар көп шығып жатыр. Каратинге де осы қала мектептеріндегі сыныптар шығып жатыр.

РКС: Ал, Бұланды ауданында жаңа оқу жылы басталғалы 33 адамнан кесел анықталған. Соның 19-і оқушы, қалғаны мектеп мүғалімі мен қызметкерлер. Десе де, аудандағы эпидахуал тұрақталып келеді. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда ауданда індетке шалдыққандар саны 2 есеге қысқарған. Ал, індетке қарсы вакцинациялау науқаны қарқынды жүріп жатыр.

СНХ: ДӘМЕТКЕН МҰХАМЕДЖАНОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Вакцинаның бірінші компонентін жергілікті тұрғындардың 81 проценті қабылдады. Екінші компонентін 72-73 процент адам алды. Бүкіл Қазақстандағы вакциналардың барлығы ауданға жеткізілген. Екпе егу кабинеттер жұмыс істеп жатыр.  Бізде 32 мобильді топ құрылған. 11-і осы қалада қызмет көрсетеді.

РКС: Ауданда пандемия басталғалы 2 жарым мыңнан астам тұрғыннан індет анықталған. Ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 42 мыңнан асыпты. Соның 34 мыңы симтомды екенін атап өткен жөн.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ-АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...