ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БОЙЫНША 1 ОРЫНДА

12:52, 8 сәуір 2021

ДИКТОР: Ақмола облысы ел өңірлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бірінші орында. Облыста бұл саладағы тәртіп бұзу деректері азайып, сандық форматта ұсынылған қызмет саны артқан.  

РКС: Алғашқы тоқсанның қорытындысына сәйкес Ақмола облысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша көш бастаған. Өңір жиынтық бағалау жүйесінде 4,73 балл алып, жергілікті атқарушы органдар ұсынған мемлекеттік қызмет түрлерінің орташа сапасы 80,3 процентке жеткен.   

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///рус/// 00:38///Бұл мониторингтте мәліметтерді ұтымды талдау тәсілдері қамтылған. Бағалау алдын ала айқындалған талаптарға сәйкестік негізінде жүргізіледі. Олардың қатарында қызмет көрсету уақыты, өтінімді қарау сапасы, тұрғындарға жайлы жағдай ұсыну, арыз-шағымдарды қарастырғанда ағаттыққа жол бермеу тәрізді маңызды көрсеткіштер бар. Сонымен қатар, біздің мемлекеттік қызмет түрлерін  ұсынушылар кемшін түсіп жатқан тұстарын түзетуі тиіс. Олар көбінесе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бағыттарын қамтиды. 

РКС: Мониторинг барысында өңір тұрғындары мемлекеттік мекемелердің арыз-шағымдарға жауап беруде сылбыр қызмет атқарады, әрі қажетті ақпаратты алудың бірқатар қиындықтары бар екенін айтқан. Бұл кемшіліктерді болдырмау мақсатында барлық аудандарда «бір терезе» қағидасы бойынша және цифрлық форматта қызмет ұсыну үлгісі белсенді жүзеге асырылып келеді.

СНХ: ДАНАГҮЛ ЖҰМАБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ///рус/// 00:13/// Қазір қай салада жетістіктер бар, қай салада қызмет сапасы ақсап тұрғанын қоғам бағалайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысына негізделіп, қызмет сапасын арттыруға бағытталған жаңа қадамдар жасаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуде тәртіп бұзушылықтың алдын алуға көңіл бөлеміз. Мысалы, қызмет ұсыну мерзімін қатаң сақтауды талап етеміз. Осы мақсатта 3 мыңға тарта маман семинарлар мен техникалық оқу курстарында біліктілігін шыңдады. Биыл «eGov mobile» қосымшасын, электронды құжаттар мен мәліметтерді қорғаудың биометриялық әдістерін кең қолдану жоспарланған.

РКС: Мемлекеттік қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда сервистік әкімдіктер және eGov порталы арқылы өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған 1016 орын жабдықталған. Мемлекеттік қызмет сапасына шағымданған өңір тұрғындары «Digital Agent» мобильді қосымшасы арқылы арызын тіркеуге немесе облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке жүгіне алады.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...