ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН

20:01, 7 тамыз 2020

ДИКТОР: Облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында аймақтағы жемқорлық ахуалына талдау жасалды. Тұрғындар арасында жасалған әлеуметтік сауалнама нәтижесі талқыланды.

РКС: «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры тарапынан аймақ тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілген. 2 мыңнан астам адам қатысқан сауалнама бойынша аймақтағы жемқорлық жағдайына талдау жасалды.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, "KAZAKHSTAN INNOVATIONS" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: //аударма// (02.07) Сауалмана барысында Ақмола өңірінде жемқорлық қандай деңгейде деп ойлайсыз? Деген сұрақ қойылды. Респонденттердің 76 проценті орташа деңгейде десе, 11 проценті жемқорлық көбейіп келеді, ал 13 проценті керісінше, азайған деп санайды. 

РКС: Сауалнамаға қатысқан тұрғындар «жең ұшымен жалғасқан» жемқорлық архитектура мен құрылыс саласында жиі кездеседі деп, ал ауыл шаруашылығы саласын бұл қылмыстан ада санайды екен. «Пара  алуға қарсы емес» деп жол-патрульдік қызметкерлерін көрсеткен. «Азаматтарға арналған үкімет» саласының қызметіне тұрғындар оң баға беріпті. Жеке мәселесін оңтайлы шешіп беруі үшін респонденттердің 40 проценті пара бергенін жасырмапты. Қоғамдық қордың зерттеуі қызу талқыға түсті. Әлеуметтік зерттеу әдістемесін дамыту, нақтылау және ғылымиландыру қажет деген ұсыныстар да айтылды. Десе-дағы, аймақта парақорлық қылмысы азайғанын агенттік растаған.

СНХ: МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: //русс// (00.09) Жуырда ғана Агенттікттен Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы жіберілді. Агенттік тарапынан өңірдегі жемқорлық деңгейін анықтаудың жоба әдістемесі әзірленген болатын. Президент әкімшілігімен келісілген. Облыстар арасында  алдын-ала болжам жасалған еді. Нәтижесінде біздің Ақмола облысы жемқорлыққа жол бермеу бойынша үздік бестікке ілініп тұр.  

РКС: Кейін мінберге облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі шығып, басқармада жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарылып жатқан шаралар бойынша есеп берді. Құрғақ есеп көңілді жылытпады. Тек энергетика ғана емес, басқа басқармалардың да мұндай жалаң сөзден аулақ болуы қажеттігі айтылды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ://аударма// (02.24) Аймақтағы жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын одан әрі дамыту үшін басқарма жетекшілері мен әкімдіктер 2021-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспар дайындауы тиіс.

РКС: Жиыннан кейін Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келіп, өңірдегі жемқорлықты бақылап жүрген «NUR OTAN» партиясының инспекторын сөзге тарттық, аймақтағы коррупциялық ахуалға көзқарасын сұрадық.

СНХ: СӘКЕН ЕСТАЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: //аударма// (01.02) Әрбір мемлекеттік орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі және сыртқы талдау жасап, тапсыруы тиіс. Алайда, көптеген мемлекеттік органның мұндай талдау жасамайтындығын, жасаса да жалған есеп беретінін байқадық. Жаңа отырыста да осы бағытта жұмысты жандандыру қажеттігін ұсындым.

РКС: Айта кетейік, қыркүйекте облыс әкімі аймақтағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес алдында есеп береді.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАҺАНГЕР МУКАНБЕТОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...