ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

Ақмола облысында алғаш рет медиасауаттылық бойынша MediaLitFest фестивалі қазақ және орыс тілдерінде өтті

23:55, 7 шілде 2021

Қазақстанның  12 аймағында 2021 жылдың сәуір-шілде аралықтарында қазақ және орыс тілдерінде  алғаш рет медиасауаттылық бойынша MediaLitFest фестивалі өткізілді. Биылғы жылғы оқытылу түрлері: негізгі бағдарлама – онлайн, ал зейнеткерлерді оқыту-офлайн.Фестивалді 3 медиатренерлер ұйымдастыруда –  Евгений Хабаров (5 аймақ), Татьяна Голубцова (4 аймақ) және  Дариха Дюсибаева (3 аймақ).

Ақтөбе және  Солтүстік-Қазақстан облыстарынан кейін  2021жылдың 24-25 маусымында  медиасауаттылық фестиваліне Ақмола облысының тұрғындары қатысты.  Қатысушылардың жалпы саны 262 кісіні құрады. Гендерлік құрамы бойынша: ерлер - 40, әйелдер -222,  24 жастан кіші – 91,  БАҚ өкілдері мен блогерлерден 20 кісі қатысты.

Медиасауаттылық бойынша MediaLitFest фестивалінің ашылуында  ұйымдастырушы медиатренер, Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы кітапхана директоры Дюсибаева Дариха Туребаевна  және Ақмола облысы бойынша фестиваль координаторы  - Хамзина Әсемгүл Арыстановна –Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс істеу орталығының ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша директордың орынбасары, әлеуметтанушы,әлеуметтік ғылым магистрі, психолог, ертегі жазушы, иллюстратор, волонтёр, қайырымдылық жасаушы,суретке түсіруші.

Ақмолалықтар іс-шараның  жұмыс күнінде өткізілгеніне қарамастан жұмыла қатысты. Өткізілген іс-шараның  өзектілігі-қазіргі қоғамдағы медиасауаттылықты жоғарылату. Медиасауаттылықтың төмендігі ақпараттарды пайдалану кезінде көп қиыншылықтар туындатады: жалған ақпараттарға сену, адам санасын басқару, фейк ақпараттар тарату, шынайы ақпараттар алу көздерін іздеу жолдарын білмеу және алынған деректерді тексере алмау.

Күнделікті ғаламтор желісінің жұмысына  оқу, ақпараттар алу және көңіл көтеру үшін  көптеген адамдар жүгінеді.Дегенмен,  ғаламтор желісіне салынған  ақпараттар үнемі сапалы және зиянсыз бола бермейді. Сондықтан қоғам қауіп тудырушы ақпараттар легін басқарып үйренуді, медиасауатты болуды қажет етіп болып отыр.  

Медиасауаттылық бойынша  MediaLitFest фестивалінде спикерлер екі күнде араздық тілі  жөнінде,   буллингтің себеп-салдарлары және оның алдын алу , ақпараттық гигиена,  қауіпсіздік ережелері туралы оқытып, ақпараттық арандатушылықтарға қалай қарсы тұруды, Тик-токта 15 минутта өз ойын жеткізу және фейктерді ажыратуды үйретті. 

Ақмола облысы медиафестивалінің   ZOOM алаңында ашылуында  Ақмола облысы ішкі саясат Басқармасы, КММ «Жастар  Ресурс Орталығы» басшысы, кәсіби ментор,  гуманитарлық ғылым магистрі - Есекеева Мансия Мухтаровна және  «Қазақстан» РТРК  АҚ АОФ «KOKSHE» телеарнасының директоры, журналист, редактор Атамбай Ерлан Нұрбайұлына сөз берілді.

Акмола облысының атынан  медиасауаттылық бойынша  MediaLitFest фестивалінде өз презентацияларымен   4 спикер қатысты:

  1. Атамбай Ерлан Нұрбайұлы - «Қазақстан» РТРК АҚ АОФ «KOKSHE» телеарнасының директоры, журналист, редактор.                                                                                                                                                       Тақырыбы: «Ақпаратты алу және тарату еркіндігі мен медиасауаттылық»
  2. Шегирова Жадыра Батырбековна – С.Жүнісов атындағы №18 МЛ педагог-психологы, педагог-зерттеуші, тәжірибелі психолог, педагогика ғылымының магистрі. Тақырыбы: «Буллинг. Баланы қатыгездіктен қорғау»
  3. Калягина Айя Суиндыковна –716.kz ақпараттар порталының редакторы, PR –менеджер СПК «Kokshe», КММ «Smart Aqmola», Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты.

Тақырыбы: «Тик-токта өз ойын 15 минутта жеткізу »

  1. Пугачева Екатерина Викторовна –Көкшетау қаласы Гуманитарлық-техникалық лицей педагог-психологы, педагогики және психология магистрі, тәжірибелі психолог, трансформациялық ойын аторы, психологиялық көмек блокнотының авторы,  арт-терапия, гештальт-терапия, когнетивті-мінез-құлық терапиясы, НЛП-терапия және жүйелі отбасылық кеңес маманы, аймақтық тренер.                                                                                       Тақырыбы: « Буллингтің пайда болуы: терең себептері, жүйелі алдын алу».

 Аталған іс-шаралардың өткізілуіне көмек көрсеткен және  қатысқандардың барлығына шексіз алғысымызды білдіреміз. Ақмола облысы мәдениет басқармасының  басшысы Сабитова Айгүл Баубекқызына  Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық  филармониясынан ұсынған  музыкалық  орындаулар үшін,   Ютуб каналының әншілері - Еркеш Шакеев және Талғат Кенжеболатовқа , Ақмола облысының  көрікті жерлерін суретке түсірушісі Евгений Геннадьевич Емельяновқа алғысымызды айтамыз.

Бұл жоба америка халқының, АҚШ  Агенттігінің халықаралық даму  ( USAID  ) көмегімен іске асырылып,  Центральноазиатской программы MediaCAMP аясында, Internews USAID  қаржылық  көмегімен өткізілді.

Жақын арада қазақстандық мектеп оқушылары  медиасауаттылық,сыни  ойлау  түсініктерін қалыптастырып, фейктерді ажырату және  ғаламторды қауіпсіз пайдалануды үйренеді.  Қазақстанда  медиасауаттылық бойынша оқушыларға арналған оқулық   мемлекеттік  эксперттік комиссиясымен бекітіліп, білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылды. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,Украина, Литва елдерінің эксперт командалары  9-11 (12) сынып оқушыларына арналған оқу құралын, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралын  қазақ және орыс тілдерінде  дайындады. Оқу және әдістемелік  құрал  электронды  форматта төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:

https://www.dropbox.com/sh/0vd8q6lx28idh52/AACXSXrr7d18xum8AI6BC9ca?dl=0                                               

2021 жылдың 1 маусымында Internews  және MediaNet өкілдері  ҚР білім және ғылым министрі Асхат Канатович Аймағамбетовпен кездесіп, медиа және ақпарат сауаттылықты мектеп бағдарламасына енгізу жайлы талқылады. Ескерте кетсек, АҚШ, Европа және басқа көп елдерде медиасауаттылық-орта білім берудің міндетті компоненті.

Хамзина Әсемгүл Арыстановна –Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс істеу орталығының ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша директордың орынбасары, әлеуметтанушы,әлеуметтік ғылым магистрі, психолог, ертегі жазушы, иллюстратор, волонтёр, қайырымдылық жасаушы,суретке түсіруші

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...