ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ

19:32, 28 маусым 2022

ДК: 28 маусым – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Дәл осы күні қызметте табандылық танытқан тілшілер марапатталады. Биыл облыстың құрметті журналисі атағына фототілші Төлеген Қосшығұлов ие болды.

РКС: Төлеген Қосшығұлов ауылды сүйетін азамат. Бүгінде көптеген мақалардың авторы. Құрмет грамоталары мен медальдарының иегері.

СНХ: ТӨЛЕГЕН ҚОСШЫҒҰЛОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ: Адам, ең алдымен, көпшіл болуы керек. Кейіпкермен ортақ тіл табысу маңызды. Маған ақпарат алып, содан соң ғана жазу қажет деп үйретілді. «Степной маякта» қалуға болар еді. Алайда мен ауданға баруды жөн көрдім. Соның арқасында өмірде көп нәрседен жолым болды.

РКС: Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнін тойлау 28 маусымға белгіленген.

СНХ: ТӨЛЕГЕН ҚОСШЫҒҰЛОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ: Қазіргі журналистикада жалқау болмау керек. Жасым 70-ке келді. Мысалы бұрын суретке де түсіріп, мақала да жазып үлгердім. Қазір соныма таң қаламын.  Ал қазір жағдай мүлдем басқа. Заман талабына сай барлық жағдай жасалған.

РКС: Мереке қарсаңында Ақмола облысының құрметті журналисі атағын Төлеген Қосшығұлов иеленді. Бүгінде өңірде «Құрметті журналист» атағының 10-ға жуық иегері бар.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар