ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

АҚМОЛА - РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДАҒЫ АЙМАҚ

20:12, 2 сәуір 2021

ДК: Ақмола облысы - аграрлы аймақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір барлық сала бойынша көш бастады. Яғни, өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір триллион теңгеге жетті. Бұл тарихи оқиға. Сонымен қатар, коронавируспен күреске бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатыр.

РКС:Өңірдегі эпиджағдай әлі де тұрақталмай тұр. Коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы кезеңі аяқталды. Бірінші кезеңде 1298 медициналық маман екпе қабылдады. Ал, екінші кезеңде 100 мыңға жуық адам вакциана қабылдайды деген болжам бар.  Аймаққа «Спутник V» екпесінің  3700 данасы жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев мемлекет басшысымен телефон арқылы байланысқан кезде баяндады.

РКС: Өңірде көктемгі су тасқынының алдын-алуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыс бойынша 9 ауданды су басу қаупі бар. 43 елдімекенде су тасқынының алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Жедел шараларға 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Тағы бір өзекті мәселе. Қосшы ауылындағы білім ошақтарының қатары көбейді. Президент тапсырмасына сәйкес 600 орынға шақталған мектеп пен 250 орындық балабақша пайдалануға берілді. Қосшыда тағы да 1200 орынға шақталған мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ, бір ауысымда 100 науқасты қабылдайтын емхана салу да жоспарда бар.

РКС: «Сарыарқа» газ құбырына қосылу үшін газ тарату желілерінің құрылысына келсек, бірінші кезеңде Аршалы және Целиноград аудандарының  20 елді мекеніндегі 35 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Жоба құны 19,1 млрд, теңге. Ал Аршалы ауданында жыл соңына дейін 12 елдімекенде 7 жобаны іске асыру жоспарланған. Келер жылы 4 жоба, 23-ші жылы 2 жоба аяқталады деп жоспарланып отыр. Жол мәселесі де облыс басшылығының ұдайы назарында. Өткен жылы құны 2,7 млрд. теңгеге 21 шақырым тас жол жөнделсе, жыл соңына дейін 2,5 млрд. теңгеге 5,6 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...