ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСУДА

20:00, 22 қараша 2021

ДК:  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауының аудандық кезеңі өткізілуде. Шығармашылық іс-шара Егіндікөл, Қорғалжын аудандарында жалғасты.

РКС:  Көркемөнерпаздар байқауына қатысушылардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Жылма-жыл дəстүрлі түрде өткізілетін бұл ауқымды шара бүгінгі күні өнердің ең биік шыңына жеткендей əсерге бөлейді. Аталмыш байқау Егіндікөл ауданында да жалғасты. Гала-концертке Алакөл, Көркем, Бауман, Қоржынкөл ауылдарының көркемөнерпаздары қатысты. Сахнада әуелеген әсем ән де, мың бұралған би және әдеби-музыкалық қойылым да бар.

СНХ: АМАНГЕЛДІ РАЙХАН, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАНЫНДАҒЫ МУЗЫКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің байқауға дайындаған 15 номеріміз облыстан келген қазылар алқасының ықыласына бөленіп,15 бірдей лауреат атағын алды. Мен өзімнің сиясы кетпеген авторлық шығармам осында орындалды.Біз концерттің барлығындағы прологтыңсонау хандық заманнан осынау Тәуелсіздік күні аралығындағы оқиғамен байланыстыр театрландырылған көрініспен көрсеттік.

ГЕО:ҚОРҒАЛЖЫН

РКС:  Қорғалжын ауданының тұрғындары байқау аясында қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесін өткізіп, өздері жасаған ұлтттық бұйымдарды көрсетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған шараға әр ауылдың талантты өнерпаздары белсене қатысты. Сондай-ақ қолөнершілер арасында «Шебер қолдар» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Қатысушылар бұрын қолданыста болған қазір ұмытылып бара жатқан кесте тігу түрлерін, тоқу, ұршық иіру жұмыстарын көрсетті.

СНХ:  ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, К.КҮМІСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы, жастардың шабытын шыңдау үшін жасалып жатқан үлкен жобалардың бірі. «Ақмола жұлдыздары» халықаралық шығармашылық байқауы биылғы жылы да дәстүрінен айнымай, өз үрдісін жалғастыруда. Аталмыш байқауға Қорғалжын ауданы да өз үлестерін қосуда. Биылғы жылы осы гала концертке Қорғалжын ауданынан 311 өнерпаз қатысуда.

РКС: Ақмола жұлдыздар байқауы қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерін дәріптейді. Бұл келер ұрпаққа үлгі.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЛАУРА ИБИЛЯМОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...