ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ

19:39, 25 қараша 2021

ДИКТОР: Көкше төрінде «Ақмола жұлдыздары» атты көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. Мыңнан астам әртіс пен шығармашылық ұжым көрермендерді ерекше дауыстарымен және күрделі хореографиялық қойылымдарымен қуантты.  

ИНТЕРШУМ: балалар

РКС:  Балғын өнерпаздардың кәсіби ұжым болуға деген талпынысы сахнада көрініп-ақ тұр. Болашақта Елорда көрермендерін тәнті етпек ниетте. Байқаудың ең кішкентай қатысушысы-4 жаста болса, ең үлкені-40 жаста. Концерттік бағдарламаға ұсынылған 20-ға тарта музыкалық қойылымның  әрқайсысының өзіндік  тарихы бар. Әр ұжым бұл кешке ерекше дайындалды деуге болады. Екі апта ішінде қолөнер шеберлері түрлі нақыштағы костюмдер тігіп, қатысушылардың сахналық образдарын дайындады.  Режиссерлік топ  гала-коцерттің сценарийіне де өзгешелік енгізуге тырысқандарын айтады.  

СНХ: ЕКАТЕРИНА АУҒАНБАЕВА,  «АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ГАЛА-КЕШІНІҢ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕРІ: Пандемияға байланысты мәдениет саласында жүргендер 2 жыл өнерден қол үзіп қалды. Сахнаны сағынды. Менің ойымша, биыл байқау жақсы өткен сияқты. Оны көрермендердің ыстық ықыласынан байқадық.  

СНХ: ГҮЛДАНА ЕСМУРЗИНА, КӨРЕРМЕН:МЖыл өткен сайын жоба дамып келеді. Біз бүгін «Айдар кесу» рәсіміне қатыстық. Мереке жоғары деңгейде болды.

РКС: Үздік деп танылғандар байқаудың лауреаттары атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар  Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында марапатталады.  

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...