ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

«АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» – ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТАТЫН БАЙҚАУ

21:47, 23 қараша 2021

ДК: «Ақмола жұлдыздары»  байқауы Целиноград, Біржан сал аудандарында да қыза түсті.  Қос ауданның кіл мықтылары өнер көрсетіп, қазылардың әділ бағасын алды. 

 РКС: Мәдениеті жаңғырып, жаңа түлеген Целиноград ауданының өнерпаздары жыл сайын «Ақмола жұлдыздары» байқауына белсенді түрде қатысып келеді. Ауқымда жобада қазақ халқының дәстүрi мен тұрмысын, мәдениетiн бейнелейтiн қолданбалы және бейнелеу өнерi шеберлерiнiң үздiк туындылары ұсынылды. Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер  өнер көрсетті.  Аудан орталығымен қатар 18 ауылдық округтің өнерпаздары қатысты.  

СНХ: ОЛЖАС ҚАНЕНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мәдениет саласына көп көңіл бөлінгендіктен, ауданымызда жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, елдімекендер мен көше аттары қазақшаланып, тегін үйірмелер жүргізілуде. Сондықтан барлық атқарылған мәдени іс шаралар Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

ГЕО: БІРЖАН САЛ

РКС: Біржан сал ауданындағы ауыл таланттары да өз өнерлерін көрсетті. Байқауға 20-дан астам өнер ұжымы қатысты. Жалпы алғанда аудан орталығымен қатар, 11 селолық округ пен 5 ауылдың өнерпаздары конкурсқа қатысып, бақ сынады. Бүгінгі таңда Біржан сал ауданында 80-ге жуық адам мәдениет саласында еңбек етеді.

СНХ:ДӘУЛЕТ МҰХТАРХАН, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мәдениет саласының дамуы туралы...

СНХ: ЗАРИНА ЕСІМОВА, «АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:  Байқау туралы

РКС: Жыл сайынғы «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы – рухани дәстүрді насихаттап сақтауға, талантарды танытатын жоба. Мәдениет саласының даму-деңгейі мен ұлттық өнерді ұлықтайтын шара.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, БЕРІК ӘБДІЛМАНОВ, АЙГҮЛ  СҮЙІНЖАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...