ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

20:16, 14 шілде 2021

 

ДК: Ақмола облысының өнерлі балғындары жүлде қорын тағы бір жеңіспен толықтырды. «Сувенир» халықтық би ансамблі «Steps to the Stars» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Talanted Kids» байқауында грна-при иегері атанды. Алматы қаласында өткен республикалық байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.

РКС: Анастасия Ерофееваның «Сувенир» халықтық би ансамблінде өнер көрсетіп жүргеніне 4 жыл болған. 9 жасар балғын топтың кіші құрамында билейді. Оның халық алдында өнерін паш етуі жас өренге қуаныш сезімін сыйлайтын көрінеді.   

СНХ: АНАСТАСИЯ ЕРОФЕЕВА, «СУВЕНИР» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ///аударма///Өзіме орыс халқының ұлттық биін билеген ұнайды. Би билеген өзім сияқты балғындарды көрген сәтте-ақ, биге деген қызығушылығым оянды. Бірден би үйірмесіне барамын деген шешім қабылдадым. Бұл өнер түрін ерекше бағалаймын. Одан әрі де жалғастырғым келеді. 

РКС: Ансамбль 1969 жылы құрылып, 3 жылдан соң  «халықтық» би ансамблі атағын иеленді. Ол 3 құрамға жасақталған. Ансамбль байқауда «Ромашка» биімен қазылар алқасын таңдай қақтырған.

СНХ: МАРГАРИТА АВДЕЕНКО, «СУВЕНИР» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Біз халықтық би ансамблі болғандықтан, орыс ұлтының биіне, мәдениетіне аса мән береміз. Десе де, репертуарымызда өзге де билер бар. Ансамбль Көкшетау мәдениет үйінде дайындалады. Облыстық мәдениет басқармасы барынша көмектеседі.  

РКС: «Сувенир» халықтық би ансамблі республикалық, халықаралық байқауларда бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленген. Алдағы уақытта ансамбль репертуарын жаңа би түрлерімен жаңартып, осы өнерге қызығушылық танытқан жас өрендерді қабылдайды.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...
 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...