ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУШЫЛАР АЛҒАШ РЕТ ФОРУМДА БАС ҚОСТЫ

19:22, 10 қыркүйек 2021

ДИКТОР: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Туған өлкем-тұғырым"атты аймақтық өлкетанушылар форумы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты-ғылыми қоғамдастықты, шығармашылық мамандық өкілдері мен  ғалымдардың басын қосу. Сондай-ақ өлкетану саласындағы білімді тереңдету, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру тәжірибесімен бөлісу.

РСК: Өлкетану белгілі бір аумақтың ақпаратын жинаумен және сақтауды қамтамасыз етеді. Көкшетау қаласының өлкетану мұражайында облыстың әр ауданынан тәжірибелі өлкетанушылар жиналды.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН САЛЫҚ, ӨЛКЕТАНУШЫ: Мұнда өз Отанын, жерін, ата-бабасын сүйетін адамдар жиналды деп ойлаймын. Бүгін біз бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, өз өңірімізде өткізілген іс-шараларды бір пысықтап алмақшымыз.  

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Менің ойымша, бұл форум дер кезінде жасалып отыр. Себебі, мұндай іс-шаралар халыққа қажет. Соңғы уақытта облыс аумағында бірқатар ауқымды жобалар жұмыс істеп жатыр. Соның бірі  "Абылайханның жарқын жолы" экспедициясы. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтап алу жөніндегі комиссия құрылды. Жаңа мәдени орындар да анықталып жатыр.

РСК: Форум  "Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Іс-шара барысында қатысушылар өзге өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты.

СНХ: АНАР ІЛИЯСОВА, АТБАСАР ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өлкенің тарихы тереңде жатыр, оны әлі де зерттеу қажет. Сондықтан осындай форумдарда алдағы жұмыс бағытымызды айқындаймыз. Мұндай шаралар өте қажет-ақ.

РСК: Форум соңында мәдениет саласына еңбек сіңірген бір топ қызметкер  Көкшетау қаласы тарихи-өлкетану мұражайының алғашқы меңгерушісі болған Иван Степанович Хохлов атындағы құрметті медальмен марапатталды.  

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...