ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚ ТАЭКВОНДОШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

17:38, 20 наурыз 2020

ДК: Жерлес таеквондышылар жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде топ жарды. Тараз шаһарында  ұйымдастырылған "Dream cup"  жарысында жерлес бұрымдылар өңір қоржынына 2 алтын салды.

РКС: Байрақты бәсекеде алтыннан алқа таққандардың бірі –Альмира Омарова. Ол спорттың осы түрімен 2 жылға жуық айналысады. Облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Айтулы турнирде ол 37 келі салмақта сыңға түскен. Жерлесіміз                 қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңіс тұғырынан көтеріледі.

СНХ: АЛЬМИРА  ОМАРОВА, ТАЕКВОНДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІПАЗЫ//аударма// Біз осы жарысқа көп уақыт дайындалдық. Бапкерлерде  көптеген әдіс-тәсілдерді үйретті. Жарысқа деген құлшынысым жоғары болды. Мен 3 кездесу өткізіп барлығында жеңдім. Ең қиын кездесу финалдық ойын болды. Бізге сенген жандардың сенімін ақтадық деп есептеймін. Енді алдағы жарыстарға дайындаламын.

РКС:Айта кету керек, аталмыш жарысқа республиканың әр қиырынан келген 1 мыңнан астам таеквондошы қатысқан.  Олар 10 салмақ  дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Ал, 37 және 44 келі салмақ дәрежесінде жерлес қос арудың бағы жанды. Облыс мерейін асқақтатқан қос таэквондошыдан әлі де күтер үміт көп.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, БАУЫРЖАН  СМАҒҰЛОВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...