ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚТАР «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» ҚАҒИДАТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

19:15, 30 қараша 2021

ДИКТОР: «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды. Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Кездесуге келгендер сыясы кеппеген жаңа мақаланың маңыздылығын талқылап, әр бағытына жеке-жеке тоқталды.

РКС: «Елдіктің жеті тұғыры» – Елбасының жас ұрпаққа жолдаған үндеуі. Оны жариялаған кезде Тұңғыш Президент «Біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз,-деген. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл  «Елдіктің жеті тұғырындағы» «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» атты бағыттың қоғамға, өскелең ұрпаққа берері мол деген пікірде.

СНХ: ҒОСМАН ТӨЛЕҒҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Адам кәсіби шебер болуы мүмкін. Соның шыңына жетуі мүмкін. Ал, бірақ оның ішкі мәдениеті болмаса, жалпы өркениетті елдерде қабылдаған мәдениеттілігі болмаса, ол менің ойымша оның жұмысы опа бермейді. Сол себепті, әр қазақстандық, менің ойымша, мәдениетті болу керек. Сол әр қазақстандықтың мәдениетті болуы арқылы қоғам мәдениетті болады және өркениеттің биігіне осы арқылы жетеміз деп ойлаймын.

РКС: Қағидаттар жиынтығында бірлік пен келісім, халық қазынасы – жер, ұрпақ тәрбиесі, білім мен еңбек сынды өзекті тақырыптар шоғырланған. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушылары жеті тұғырдың әрқайсына кеңінен тоқталды.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫЕлбасының жеті тұғырда келтірген «Отбасы мен сәлт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» атты қағидаты алдыңғы қатарда тұратыны сөзсіз. Жас отбасын қолдап, отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өзімізден бастап, ұрпағымыздан жалғасын табуға жұмыс, еңбек етуге баршамызда да тиістіміз.

РКС: Мақаланы жариялаған Елбасы аталмыш құжат әр азамат ұлтымыздың болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, оны толық сезіне білген кезде жүзеге асады,-деген болатын. Демек, «Елдіктің жеті тұғыры» әр қазақстандық үшін маңызды қағидаттар жиыны.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ»» «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...