
ДИКТОР: Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмолада ақпанның соңғы аптасы аязды болады. Бұған себеп - өңірге ылғал қоры мол циклонның жылжуы. Көктемнің нышаны қашан білінеді? Мамандар не дейді?
РКС: Ақпанның соңғы аптасында ауа райында тұрақсыздық байқалып, қалың қар жауады деген болжам бар. Себебі, белсенді суық циклон облыс аумағына жылжып келеді.
СНХ: ДАНИЕЛЬ ЖҰМАЖАНОВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: (русс)///Сонымен қатар желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. 50 метрге дейін бораннан көру айқындығы нашарлайды. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарының алыс жолға шықпауларын сұраймыз.
РКС: Ал 25 ақпаннан бастап арктикалық суық ауамен антициклонның басып кіруіне байланысты жауын-шашын мөлшері мен желдің екпіні төмендейді. Бірақ ауа температурасы түнде 25-30, кей жерлерде 22, күндіз 20-25, кейде 17 градусқа дейін суық болады. Ал аптаның соңында кезекті циклонның әсерінен күн жылына бастайды. Қазгидромет мамандары құбылмалы ауа райына алданып қалмауды сұрайды.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ