ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«АЛАШТЫҢ ШЫНАРЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

19:47, 25 қараша 2021

ДК: Бүгін жиырма жасында ұлтын оятып, ұран салған белгілі қайраткер Міржақып Дулатовтың туған күні. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қаламгер Алаш қозғалысының басында тұрды. Айтулы күнге орай шаһардағы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Алаштың шынары» атты әдеби  кеш ұйымдастырылды.

РКС: Оян, қазақ.  Алаш арысы 20-дан енді асқан шағында күллі елге осылай деп дабыл қақты. Бұл сол кездегі еңсесі түскен халықтың рухын көтеріп, бәрінің ортақ ұранына айналады. Қарымды қаламгердің 1909 жылы  тұңғыш өлеңдер жинағыда дәл осы «Оян, қазақ» деген Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан басылып шығады. 
СНХ: КАМИЛА ӘБИЕВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:  Жиырмасыншы ғасырда ағартушылық-демократтық бағытта оқыған азаматтардың бірі болды. Алмалы төкпелі заманда қазақ ұлтының болашағы үшін атқарған қызметі, шығармашылық мұрасы халықтың ішінде аяулы да, құрметті азамат болуына үлкен септігін тигізді. +скл+Ахмет Байтұрсынов бірігіп қазақ газетінің шығуына мұрындық болған. Кейінгі сандарында өте белсенді қызмет атқарған қайраткер. Кейіннен «Ақжол» газетінде көп жылдар тер төкті.

РКС: Ел тағдыры, бұлыңғыр болашақ, әйел теңсіздігі.  Осы өзекті тақырыптар Алаш арысының жырына арқау болды. Қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген  «Бақытсыз Жамал» романы да ол сол кездегі саяси жүйемен, әділетсіздікті ашық көрсете білді. Арнайы өткен кеш барысында колледж студенттері жазушының шығармаларын талдап, өлеңдерін оқыды.

ЕСТ.ШУМ ӨЛЕҢ ОҚУ

СНХ: АЙЫМ ҚАЙЫРБАЙ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Әдеби кештің мақсаты Алаш алыптарының бірі – Міржақып Дулатовтың  өмірі мен шығармашылығымен студенттер қауымын таныстыру.  Ол өз өлеңдерінде халық тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтарының сырына үңіліп, оның әлеуметтік тағдырын жырына қосты. Біз осы рухты өлеңдерді студенттердің санасына сіңіріп, романдарын жеткізу бағытында жұмыстар атқарып жатырмыз.  

РКС: Міржақып Дулатов тәуелсіздік жолында жазықсыз құрбан болды. 1929 жылы «ұлтшыл» деген айып тағылып, қамауға алынады. Ал, 1935 жылдың 5 қазанында Сосновск станциясындағы лагерь лазаретінде ауыр науқастан көз жұмды. Жарты ғасырдан кейін 1988 жылы Алаш арысы толығымен ақталады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...